конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда қатты отыннан шығатын зиянды шығарындыны...

Алматыда қатты отыннан шығатын зиянды шығарындыны азайту жұмыстары жалғасып келеді

Алматы Бүгін 17:12 44
Алматыда қатты отыннан шығатын зиянды шығарындыны азайту жұмыстары жалғасып келеді

Алматының Алатау ауданында «Алматы – таза ауа» акциясы жалғасып отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Eco Almaty» ЖШС мамандары Экология және қоршаған орта басқармасымен бірлесіп, атмосфералық ауаны қорғау саласындағы талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіп, тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мониторинг барысында ауданда қатты отын пайдаланатын 55 нысан анықталды. Оның ішінде 8 жеке тұрғын үй, 35 қоғамдық тамақтану нысаны және 12 отбасылық монша бар. Нысан иелеріне заңнама талаптары және газға немесе рұқсат етілген басқа да отын түрлеріне көшу қажеттілігі айтылды.

Қаланың газдандырылған аудандарында орналасқан нысандарға ерекше назар аударылуда. Алматы мәслихатының 2025 жылы 30 желтоқсандағы №272 шешімімен бекітілген Алматының атмосфералық ауасын қорғау қағидаларына сәйкес, 2027 жылдың басынан бастап мұндай аудандарда заңнамада көзделген жағдайды қоспағанда, жылыту және өндірістік қажеттіліктер үшін қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады.

Экологиялық таза отын түрлеріне көшу – зиянды шығарындыны азайту және атмосфералық ауаның сапасын жақсарту шараларының бірі. Нысан иелеріне газға немесе рұқсат етілген басқа да энергия көздеріне көшу үшін қажетті шараларды алдын ала қолға алу ұсынылады.

Түсіндіру жұмыстары мен мониторинг жалғасып келеді. Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау үшін ақпарат уәкілетті органдарға жолданады.

Тұрғындар мен кәсіпкерлердің экологиялық талаптарды сақтауы атмосфералық ауаға түсетін жүктемені азайтып, қалалық ортаны жайлы етуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Қайрат шағынауданында су бұру желілерін тарту жұмыстары басталады

Бүгін 17:55

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Бүгін 17:38

Жүйелі қолдау әр балаға бірдей жетуі керек

Бүгін 17:17

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін 16:36

Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылды

Бүгін 16:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);