AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жат...

Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?

Әлеумет 08.01.2025, 18:18 906 dulatbekova
Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы осы бағытты қадағалайтын қала әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов айтып берді.

7 қаңтардан 8 қаңтарға қараған түні жауа бастаған қалың қар түске дейін жалғасты. Қардың қалыңдығы сағат 12:00-де 15 сантиметрге, ал таулы аймақтарда 20-30 сантиметрге жетті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановтың айтуынша, коммуналдық қызмет көшелерді, жолдарды және тротуарларды күреуге жедел кірісіп, қар шығару жұмыстарын тәулік бойы жүргізуде:

- 8 қаңтар сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін қалада шамамен 15 сантиметр қар жауды. Сағат 1:00-де жолдарды көктайғаққа қарсы қоспалар себу басталды. 4:30-дан бастап қарды жол жиегіне ысыру жұмыстары жүргізілді. Одан кейін қар үйінділерін қалыптастыру, қарды жкү көліктеріне тиеу және оны арнайы полигондарға шығару жұмыстары жүргізіледі.

Бұл жұмыс алдымен орталық және магистральді көшелерде жүргізіледі, себебі тұрғындардың негізгі бөлігі осы жолдармен жүреді. Одан кейін аудандық деңгейдегі жолдарға көшеміз, бұл жұмысты мүмкіндігінше тезірек аяқтауға тырысамыз.

Жалпы қабылданған нормаға сәйкес магистральді көшелер 3 күнге дейін, аудандық маңызы бар көшелер 7 күнге дейін тазаланады. Бірақ әдетте бұл жұмысты ертерек аяқтауға тырысамыз.

Күндізгі уақытта 500-ге жуық арнайы қар тазалау техникасы және 1100-ден астам жұмысшы жұмылдырылған. Түнгі уақытта да шамамен осындай көлемде техника мен жұмысшылар жұмысқа шығады. Негізінен біз қарды көлік аз кезде түнде тазалауға тырысамыз.

Қалада жолдарды қардан тазалайтын техника белсенді түрде жаңартылуда. Соңғы 2 жылда шамамен 140 жаңа заманауи техника сатып алдық. Бұл жұмыс биыл да жалғасын табады. Біз жылдамдықты арттыратын және қол еңбегін тиімді алмастыратын жаңа техникаларды сатып аламыз. Осы арқылы қар шығару жұмысының сапасын жақсартамыз.

Былтыр қалада көріктендіру ережелері қабылданды. Соған сәйкес, көріктендіру төлқұжаттары енгізілді. Енді сауда нысандары мен мекемелер өздерінің аумағын таза ұстауға, соның ішінде қарды күреуге міндетті. Сондықтан сауда нысандарын қала тазалығына белсенді қатысуға шақырамыз.

Қарды тазалауға белгілі бір уақыт қажет екенін ескере отырып, тұрғындардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз. Сонымен қатар, қар тазаланғанша көлікті жол жиегіне қоймауға шақырамыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қалың қар #тазалау жұмыстары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ясауи мұрасы және түркі руханияты

Бүгін 17:15

Алматыда бизнес нысандарынан шығатын зиянды қалдықтарға бақылау күшейтілді

Бүгін 15:28

Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы іске қосылады

Бүгін 15:25

Маусым айының алғашқы онкүндігінде III Архившілер конгресі өтеді.

Бүгін 15:19

Мемлекет басшысы дәстүрлі өнерді, әсіресе, жыр, терме, күй өнерін дамытуға ерекше мән беру қажет деп санайды

Бүгін 15:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);