AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік - 35 / Тәуелсіздіктің 35 жылдығы белесінде қазақстандықта...

Тәуелсіздіктің 35 жылдығы белесінде қазақстандықтар елдің даму бағытын оң бағалайды

Тәуелсіздік - 35 Бүгін 12:28 35
Тәуелсіздіктің 35 жылдығы белесінде қазақстандықтар елдің даму бағытын оң бағалайды
Фото: kisi.kz

Тәуелсіздік әр түрлі буын өкілдері үшін бірдей маңызды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Тәуелсіздік – қоғам үшін ең басты бағдар, оның мәні  мемлекеттілік тарихымен ғана емес, Қазақстанның қазіргі даму үдерісіне деген қоғамдық көзқараспен де тығыз байланысты. ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 8 105 респонденттің қатысуымен жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері осыны көрсетті.

Тәуелсіздік әр түрлі буын өкілдері үшін бірдей маңызды: барлық жастағы респонденттер оны аса маңызды жеке құндылық ретінде атады.

Зерттеу нәтижесі барлық негізгі әлеуметтік-демографиялық топтар арасында елдің даму бағытына қатысты оң пікірдің басым екенін көрсетеді. Қазақстандықтардың 93%-ы ел дұрыс бағытта дамып келеді деп санайды.

Осы орайда, ең жоғары көрсеткіш 18-29 жас аралығындағы жастар арасында тіркелген, бұл топтағы қолдау деңгейі – 95,1%.

Зерттеу азаматтардың ел дамуының негізгі бағыттарын қалай бағалайтынын көрсетті. Азаматтар бірлік пен заң үстемдігін нығайтуға, мәдениет, білім мен ғылымды дамытуға бағытталған мемлекеттік шараларға жоғары баға берген.

Сонымен қатар, елдің даму бағытына берілген баға мен мемлекеттің азаматтардың талап-тілектерін ескеру қабілеті жайлы қоғамдық пікірдің арасында тығыз байланыс бар. Мемлекет азаматтардың арыз-шағымына ден қойып, олар көтерген мәселелерді шешуге күш салады деп санайтын респонденттердің басым бөлігі Қазақстанның даму бағытын да оң бағалайды.

Атап айтқанда, сауалнамаға қатысқандардың 82,4%-ы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының іске асырылуын оң бағалайды. Бұған 18–29 жас аралығындағы жастар ең жоғары баға берген (89,6%). 61 жастан асқан азаматтар арасында да аталған көрсеткіш жоғары деңгейде – 77,6%.

Осылайша, елдің жалпы даму бағытына қолдау білдіру деңгейінің жоғары болуы азаматтардың елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға деген оң көзқарасымен тығыз байланысты.

Қоғамдық пікір сауалнамасы ҚСЗИ тапсырысы бойынша 2026 жылғы 5 қазан мен 5 қараша аралығында жүргізілді. Іріктеме ауқымы – 8 105 респондент, оған 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан азаматтар қатысты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бедеулікті емдеу тәртібі жеңілдетілді

Бүгін 12:25

Алматыда дәрігерлер құрсақ қолқасының алып аневризмасы бар пациенттің өмірін сақтап қалды

Бүгін 12:14

Келесі жылы ауылдардың 92%-ы оптикалық интернетпен қамтылады

Бүгін 12:06

Халықтық құрылыс: Шорнақ ауылында 500 орындық заманауи мәдениет үйі салынып жатыр

Бүгін 11:46

Маусымдық сырқаттанудың өсу кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты мақсат

Бүгін 11:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);