Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қаланың инвестициялық тартымдылығын артты...

Алматыда қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру талқыланады

Әлеумет 29.11.2021, 05:59 1,326
Алматыда қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру талқыланады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Инвестфорум 2013 жылдан бері өткізіліп келеді


Almaty Investment кезекті форумы қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ұйымдастырушылар іс-шарада қандай мәселелер талқыланатыны және осы жылы қандай форматта өтетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин қаланың өзекті мәселелерін талқылау үшін осы алаңның маңыздылығын атап өтті.


Е. Оразалин Almaty Investment – кәсіпкерлікті дамыту мен қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруды талқылауға арналған басты инвестициялық форум екенін еске салды. Инвестфорум 2013 жылдан бері өткізіліп келеді және бүкіл әлемнің мемлекеттік сектор, бизнес басшылары мен инвестициялар мен инновациялар саласындағы жаһандық көшбасшылардың кездесуіне арналған эксклюзивті алаң болып қала береді. Биыл Форум Іскерлік кеңеспен бірлесіп екінші рет ұйымдастырылды.


- Биыл инвестфорумда Алматы үшін стратегиялық мәселелер – агломерация, урбандалу, цифрлық трансформация және адами капиталды интеграциялау талқыланады, - деп хабарлады басқарма басшысы.


Осы форум аясында қала әкімдерімен «Жаңа Жібек жолы мегақалалар» телекөпірі, қазақстандық және шетелдік компаниялардың сарапшылары мен ірі өкілдерінің қатысуымен панельдік пікірталастар, «Жыл жобалары» көрмесі өтеді, онда Алматы қаласының алдыңғы қатарлы жобалары мен бастамалары ұсынылады.


Сонымен қатар, биыл Алматының Іскерлік кеңесі алғаш рет әлеуметтік жобалар конкурсына бастамашы болды, оның қорытындысы бойынша үздіктерді кеңес мүшелері мен қала меценаттары қаржыландырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#форум #кәсіпкерлікті дамыту #стратегиялық мәселе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Бүгін 17:27

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер бақ сынайды?

Бүгін 17:14

БҚО-да оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Бүгін 16:54

Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Бүгін 16:34

Марал Анарбекқызы: арманнан туған өнер

Бүгін 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика