AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қалалық маршруттарда дизельді автобустар...

Алматыда қалалық маршруттарда дизельді автобустар жаңартылуда

Әлеумет 19.08.2023, 04:19 1,229
Алматыда қалалық маршруттарда дизельді автобустар жаңартылуда
Сурет: ашық дереккөз

21 тамыздан бастап №24 және №125 маршруттардың жылжымалы құрамы жаңартылады.


Бұған дейін №24 маршрутта 6 дизельді автобус жұмыс істеген. Оның орнына енді 12 жаңа газбен жүретін автобус қызмет етеді. Жолаушылардың сұранысы бойынша бұл бағыт ұзартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ендігі бағыт: Сайын - Момышұлы - Төле би - Розыбакиев - Өжет ықшам ауданына дейін Солтүстік айналма көшесімен жүретін болады. Алдыңғы маршрут ҮАК бойымен жүретін. Жаңартудан кейін қозғалыс жиілігі 20 минуттың орнына 12-13 минут болады.


Сонымен қатар, №125 маршруттың жылжымалы құрамы толығымен жаңартылады, онда бұрын 6-7 дизельді автобус жүрген болатын. 21 тамыздан бастап осы бағытта 10 жаңа газбен жүретін автобус шығарылады. Бұған дейін аталған маршруттың жиілігі 40 минутқа дейін ұзарған, жаңа автобустар шыққаннан бастап жүру жиілігі 15-18 минутқа дейін төмендейді деп күтілуде.


Барлық жаңа автобус орташа сыйымдылықта, он метрлік, едені төмен, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға жағдайлар қарастырылған.  Салқындату жүйесімен және пешпен жабдықталған.


Естеріңізге сала кетейік, Алматыда биыл коммуналдық автопарк 600 газ автобусы мен 100 троллейбус сатып алуды жоспарға енгізген. 100 автобус қалаға келді және құжаттар ресімделгеніне қарай желіге шығарылып жатыр. Қалған автобустарды жыл соңына дейін қалаға жеткізу көзделген.


Қалалық маршруттар туралы соңғы жаңалықтар қала әкімдігінің ресми парақшаларында және Алматы-жол телеграм арнасында жазылған (https://t.me/AlmatyJoly).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#автобус #жаңарту #бағыт #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Болашақ атомы» халықаралық конференциясы өтті

Бүгін 12:16

АШМ: 2027 жылғы өнімге қажетті тұқым қорының 90%-ы дайындалды

Бүгін 12:00

Шаруаларға астықты кептіруге қосымша 41,3 мың тонна дизель отыны бөлінді

Бүгін 11:56

Алматының Алмалы ауданында көшені тазалау кестесі өзгерді

Бүгін 11:32

Алматының орталығында бірыңғай жаяу жүргіншілер бағыты қалыптасып, тұрғын үйлердің қасбеті жаңарып жатыр

Бүгін 11:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);