AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Сайлау күні полиция қоғамдық тәртіпті бақылауды кү...

Сайлау күні полиция қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтеді

Ресми бөлім Бүгін 12:05 17
Сайлау күні полиция қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтеді

Ел бойынша ашылатын 10 мыңнан астам учаске тексеріліп, дауыс беру күні тұрғындардың емін-еркін келуіне жағдай жасалады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мәслихат депутаттарын сайлауға орай Ішкі істер министрлігі қауіпсіздік пен тәртіпті күшейтуге кірісті. .

Polisia.kz мәліметінше, сайлауға дайындық аясында дауыс беру орындарының терроризмге қарсы қорғалу деңгейі тексеріліп, тиісті мемлекеттік органдар мен қызметтермен бірлескен жұмыс жолға қойылған.

Сайлау күні тәртіп сақшылары учаскелер мен олардың маңында қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Негізгі назар құқық бұзушылықтың алдын алуға, азаматтардың қауіпсіздігіне және әр адамның дауыс беру құқығын еш кедергісіз іске асыруына аударылады.

Министрлік сайлау өтетін кезеңде заңдылық пен қауіпсіздікті сақтау ісін тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Еске сала кетейік, 29 қарашада Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. Дауыс беру күні ел бойынша 10 338 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлаушылар тізіміне 12 млн 679 мың 459 адам енгізілген.

ОСК мәліметінше, сайлауды бақылау үшін 258 қоғамдық бірлестік пен коммерциялық емес ұйым аккредиттеуден өткен. Оның 13-і орталық сайлау комиссиясында, 245-і аумақтық сайлау комиссияларында тіркелген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең алматылықтар қоғамдық көлікпен тегін жүре алады

Бүгін 11:02

Алматыда «Соғым FEST» жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін 10:35

Еліміздің 17 облысына дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 10:05

«Жастар қатысатын бюджет»: Алматыда жастардың 20 бастамасы қаржыландырылды

Кеше 20:56

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Кеше 20:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);