Алматыда полиция 6 мас жүргізушіні тоқтатты

Алматыда полиция 6 мас жүргізушіні тоқтатты Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласында жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған республикалық "Қауіпті жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Алдын алу шараларының негізгі мақсаты – жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды күшейту және жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Оның барысында жол қозғалысына тікелей қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесуге ерекше назар аударылады. 

- Жол қауіпсіздігі мәселелері – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Патрульдік экипаждар күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда. Авариялық жағдайларға тікелей әсер ететін өрескел бұзушылықтар бойынша бақылау айтарлықтай күшейтілді, – деп атап өтті Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Серікұлы. 

Соңғы тәулікте полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарудың алты фактісін, мемлекеттік нөмірсіз жүрген 12 жүргізушіні, сондай-ақ жалған нөмір қойылған екі көлікті және өзге де бірқатар өрескел құқық бұзушылықты анықтады. Профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:16

16:36

15:22

14:19

12:10

11:03

10:05

17:18

16:19

15:05

14:45

14:20

13:05

12:05

11:47

11:10

10:36

10:05

17:55

17:36

17:20

17:17

17:04

16:57