AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Панфилов көшесі Абай даңғылынан Шевченко...

Алматыда Панфилов көшесі Абай даңғылынан Шевченко көшесіне дейін көріктендіріледі

Әлеумет 06.02.2025, 10:50 1,448
Алматыда Панфилов көшесі Абай даңғылынан Шевченко көшесіне дейін көріктендіріледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаевқа жергілікті тұрғын Панфилов көшесінің Абай даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі бөлігін көркейту туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Өз кезегінде, қала басшысы бұл жоба биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асатынын атап өтті.

«Биыл Алмалы ауданында «ХҚБ» бағдарламасы аясында 45 жоба жүзеге асады. Бұл жоба да сол тізімге кіреді. Жоспар бойынша көше барлық стандартқа сай көркейтіледі. Жұмысты биыл бастап, күзге дейін аяқтаймыз», – деді Ерболат Досаев. 

Айта кетейік, 2024 жылы Панфилов көшесінің Қабанбай батыр көшесінен Жібек Жолы көшесіне дейінгі бөлігі көркейтілген болатын. Жоба аясында жолдың бойы мен шағын сәулет нысандары жаңартылып, жасыл аймақ 20%-ға ұлғайтылды, көпжылдық бұталар отырғызылды. Панфилов көшесі – Алмалы ауданындағы халық ең жиі баратын орынның бірі, алайда соңғы жөндеу жұмыстары 2017 жылы жүргізілген.

Соңғы үш жылда Алматыда «ХҚБ» аясында 938 жоба жүзеге асырылып, оған 39,1 млрд теңге бөлінді. Қала әкімінің тапсырмасымен 2025 жылы «ХҚБ» бағдарламасына 17,1 млрд теңге бөлінді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алмалы #Халық қатысатын бюджет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

30 жылда 30 мың сәби: Репродуктивті медицинаның белесі

Кеше 19:50

Алматыда Механик-ғалымдар мен инженерлердің дүниежүзілік конгресі WCMSE-2026 ашылуы өтті

Кеше 19:47

Алматыда Қазақстан–Қытай прототиптеу орталығы ашылды

Кеше 19:42

Құрылтай депутаттары Қарағанды облысының тұрғындарына Президент Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді

Кеше 17:53

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Кеше 17:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);