Отан соғысының ардагері Леонид Никитович Подколзин Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Жасы 100-ге толған алматылық қария қарттығына қарамастан, сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
Ардагердің өмір жолы, қайсарлығы мен ел өміріндегі маңызды оқиғаларға бей-жай қарамайтын азаматтық ұстанымы өскелең ұрпаққа үлгі. Оның сайлауға қатысуы аға буын өкілдерінің қоғамдық өмірге деген жауапкершілігін көрсетеді.
Еске сала кетейік, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне өздігінен келе алмайтын азаматтар үшін алдын ала өтініш беру арқылы үйде дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.
Сайлауға қатысты қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.