AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Алматыда Орталық Азия елдерінің тұрақты даму мақса...

Алматыда Орталық Азия елдерінің тұрақты даму мақсаттары бойынша екінші саммиті басталды

Саясат 16.06.2022, 04:56 1,916
Алматыда Орталық Азия елдерінің тұрақты даму мақсаттары бойынша екінші саммиті басталды
Сурет: Ia-centr.ru

Пандемиядан кейінгі қалпына келтіру стратегиялары талқыланып жатыр.


 Алматыда «COVID-тен тыс - Орталық Азияда әділдік негізінде қалпына келтіру жолында» Орталық Азия елдерінің тұрақты даму саласындағы мақсаттары бойынша екінші өңірлік саммит өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.


Саммитті Қазақстан Республикасының Үкіметі Еуропалық Одақ пен Азия Даму Банкінің (АДБ) қаржылық қолдауымен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) әріптестікте ұйымдастырды.


Өңірлік саммитке өңір елдері үкіметтерінің саяси көшбасшылары, халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық топтардың өкілдері, жеке сектордың басшылары және Орталық Азияның азаматтық қоғамының өкілдері қатысып жатыр.


Саммиттің тақырыптық сессиялары Орталық Азиядағы өңірлік даму сын-қатерлерін және «жасыл» экономика мен климаттық күн тәртібіне назар аудара отырып, пандемиядан кейінгі қалпына келтіру стратегияларын талқылау үшін коммуникациялық платформаларды ұсынады. Қала әкімдерінің дөңгелек үстелі шеңберінде қатысушылар Орталық Азиядағы ірі және шағын қалаларды дамыту үшін жергілікті шешімдерді және ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) оқшаулау арқылы олардың тұрақты дамуға көшуін талқылайды.


Жекелеген сессиялар сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, тұрақты даму үшін әйелдер мен жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, ТДМ-ге қол жеткізуді жеделдету үшін ТДМ қаржыландырудың синергиясын қамтамасыз ету және әріптестік мәселелеріне арналады.


Бүгінде жаһандық мақсаттарға қол жеткізу үшін ұлттық және өңірлік деңгейлерде батыл іс-қимыл мен жаңашыл әріптестік қажет. Бұл елдер, секторлар мен дисциплиналар арасындағы әріптестік пен сындарлы диалогты талап етеді. Барлық мүдделі тараптар – мемлекет, жеке сектор, ұлттық және халықаралық ұйымдар – тұрақты дамуға қол жеткізу үшін қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етуде өз рөлін атқаруға тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Азия #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жұмабаев көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 18:06

Алматыда Президенттік дене шынықтыру тестілеріне 1000-нан астам адам қатысты

Бүгін 18:04

Қазақстан Үкіметі мен IT-алпауыттары жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды

Бүгін 17:43

Алматыда әскери қызметшілерге құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсету акциясы өтті

Бүгін 17:38

Алматы әкімі денсаулық сақтау саласын дамыту және құрылыс жобаларының орындалу барысын бақылауға алды

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);