AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Орталық Азия елдерінің бітімгерлік қызмет...

Алматыда Орталық Азия елдерінің бітімгерлік қызметке қосқан үлесі талқыланды

Әлеумет 02.06.2024, 11:15 922 dulatbekova
Алматыда Орталық Азия елдерінің бітімгерлік қызметке қосқан үлесі талқыланды
Сурет: Gov.kz

 «Орталық Азия және БҰҰ бітімгерлігі: ағымдағы қызмет және перспективалар».

Осы тақырыпта Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығында өңірлік дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, БҰҰ-ның халықаралық бітімгерлер күніне орайластырылған іс-шара Қазақстан мен Тәжікстан қорғаныс ведомстволарының, Біріккен Ұлттар ұйымының, «БҰҰ-әйелдер» құрылымы кеңсесінің, Халықаралық Қызыл Крест комитетінің және отандық жоғары оқу орындарының өкілдерін жинады.

Отырысқа қатысушылар Орталық Азия елдерінің бейбітшілікті нығайту ісіне қосқан үлесін атап өтті, сондай-ақ халықаралық гуманитарлық құқық және бітімгерліктің гендерлік аспектілері мәселелерін талқылады.

Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин бітімгерлік контингентін өз бетінше өрістету, әскери қызметшілерді бітімгерлік және тілдік дайындау тәжірибесін Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімен бөлісуге дайын екенін жеткізді.

– Біз Орталық Азия елдерінің бітімгерлік әлеуетін күшейту аясында БҰҰ миссиялары үшін сарапшыларды дайындауда және бірлескен бастамаларды іске асыруда күш-жігерімізді біріктіре аламыз, – деп атап өтті ол.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі бас кеңсесінің Бітімгерлік операциялар департаментінің өкілі Герберт Лорэт Қазақстанның бітімгерлік операцияларға қатысу үшін өз контингенттерін жіберетін елдермен өзара іс-қимыл жасаудағы қызметін оң бағалады. Ол іс-шара Орталық Азия өңірінде білім мен тәжірибе алмасу, дайындық тұрғысынан серіктестік қарым-қатынас орнатуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Бүгінде Бітімгерлік операциялар орталығы өңірдегі бірегей алаң бола отырып, әскери қызметшілерді БҰҰ миссияларына қатысуға оқыту мен дайындаудағы тәсілдерді жетілдіру мен түрлендіру бойынша үнемі жұмыс істеп келеді.

Орталық базасында әртүрлі елдердің тыңдаушыларының қатысуымен Біріккен Ұлттар Ұйымы сертификаттаған курстар өткізіліп тұрады. Университеттермен тығыз ынтымақтастықта халықаралық гуманитарлық құқықты зерделеу ұйымдастырылып, студенттерге бітімгерлік тақырыбы бойынша курстар өткізіледі.

Айта кету керек, Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына қатысу көкжиегін үнемі кеңейтіп келеді. Еліміз әскери қызметшілерді Непалдағы, Кот-д ' Ивуардағы және Малидегі БҰҰ миссияларына жіберді. Қазіргі уақытта біздің бітімгерлер Ливанда, Батыс Сахарада, Орталық Африка Республикасында және Конго Демократиялық Республикасындағы миссияларда қызмет етеді.

Сондай-ақ, БҰҰ-ның Голан жоталарындағы миссиясына алғашқы тәуелсіз бітімгерлік контингент орналастырылды. Бұл тарихи қадам еліміздің ынтымақтастыққа, бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікті сақтауға деген ұмтылысын көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қорғаныс #министрлік #дөңгелек үстел #БҰҰ бітімгерлігі #Орталық Азия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);