AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда «Өрлеу» халықаралық фестиваль ашылды

Алматыда «Өрлеу» халықаралық фестиваль ашылды

Мәдениет 05.04.2024, 10:00 1,356
Алматыда «Өрлеу» халықаралық фестиваль ашылды
Сурет: 24.kz

Алтыншы рет өткен дәстүрлі шара Селезнев атындағы хореографиялық училищесінің 90 жылдығына арналды.


Үш күндік фестивалда жас балет бишілері өнер көрсетіп, мамандар кәсіби өнерді дамыту бойынша шығармашылық тәжірибе алмасады. Алматы театрының сахнасында кәсіби би ұжымдары мен балет әртістері өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Биыл «Өрлеу» фестиваліне Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Ресей елдерінің 8 хореографиялық оқу орнының жас таланттары қатысуда. Сонымен қатар, би форумына халықаралық деңгейдегі жетекші балет әртістері келді.



«Біз үшін бұл баға жетпес тәжірибе. Бұл бүкіл профессорлық-оқытушылық құрамға хореографиялық білім беру саласындағы жұмысты жандандыруға, бітіруші студенттеріміздің кәсіби деңгейін көтеруге жаңа серпін береді», - дейді А.Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесі директорының міндетін атқарушы Мұрат Түкеев.



Фестивальдің бірінші күні 90 жылдық тарихы бар Қазақстанның тұңғыш балет мектебінің студенттері есеп беру концертін қойды. Көрермендерге бір актілі толықметражды екі балет ұсынылды.



«Фестиваль қонақтары «Тұран дала - қыран дала» және «Болеро» балетін тамашалады. Біздің шәкірттеріміз еліміздің сахналарында  ғана емес,  шетелдің театрларында өнер көрсетіп жүр. Халықаралық конкурстарда жүлделі орындардан көрінуде. Бұл Қазақстандағы кәсіби хореографияның көрінісі, білікті ұстаздардың еңбегі», - дейді А.Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесі директорының міндетін атқарушы Мұрат Түкеев.



90 жылдық тарихы бар Селезнев мектебінен бүгінге дейін 2 мыңнан астам түлек өнерге жолдама алды. Олардың қатарында Халық әртістері, еңбек сіңірген өнер қайраткерлері бар. Халықаралық балет және би байқауларының лауреаттары да осы ұстаханада шыңдалды. Солардың бірі Красноярск мемлекеттік опреа және балет театырының прима балеринасы Наталья Чеховская Селезнев училищесінің түлегі.



«Мектеп маған өте жақсы өмірлік жолдама берді. Мен бұл үшін өте ризамын және мектебімді әрқашан мақтан тұтамын. Өнер мектебінің  балет әлемінде өз орны бар. Халықаралық жарыстарда өзім түлеп ұшқан мектебімнің жетістіктерін көріп, қуанамын. Мұнда кәсіби мамандар бар, би дәстүрі сақталған. Бұл өте маңызды», - дейді А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің түлегі Наталья Чеховская. 



«Өрлеу» халықаралық фестивалінің екінші күні балет өнері жұлдыздарының шеберлік сабағына арналды. Ал өнер мерекесін фестиваль қонақтары мен Қазақстанның жетекші би ұжымдарының қатысуымен өтетін «Балет жұлдыздары» гала-концерті қорытындылайды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#өрлеу #халықаралық фестиваль #Хореография
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);