Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда «Өрлеу» байқауы өтіп жатыр

Алматыда «Өрлеу» байқауы өтіп жатыр

Мәдениет 08.04.2023, 20:34 971
Алматыда «Өрлеу» байқауы өтіп жатыр

Алыс-жақын шетелдің кіл мықты бишілері Алматыға жиналды.


А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде хореографиялық оқу орындарының VIII халықаралық «Өрлеу» байқауы өтуде. 2023 жылдың 4 сәуірінде басталған іс-шара 10 сәуірге дейін жалғасады.  


Хореографиялық оқу орындарының VIII халықаралық «Өрлеу» байқауы әлемнің жетекші балет мектептері арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту мақсатында 2008 жылы құрылған.



Байқаудың мақсаты - хореографиялық оқу орындары арасында кеңінен тәжірибе алмасуды жүзеге асыру, би өнеріндегі жас дарындарды анықтау, орындаушылық шеберліктерін арттыру, классикалық, халықтық және заманауи билердің озық дәстүрлерін дамыту, сондай-ақ Қазақстан хореографиялық білімі мен өнерінің әлемдік аренадағы имиджін ілгерілету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.



2018 жылы байқау ЮНЕСКО демеушілігімен Халықаралық балет байқаулары федерациясының мүшесі мәртебесін алды, оның президенті - аты аңызға айналған Юрий Григорович.


Биылғы өнер додасына Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Оңтүстік Африка сынды елдерден жиналған 150-ге жуық хореограф қатысып жатыр.


Байқаудың хореографиялық білім беру саласында маңызды дидактикалық миссиясы бар. Ұйымдастырушылар байқаудың әрбір жаңа маусымын Қазақстанның хореография өнерінің көрнекті қайраткерлеріне арнайды. Сонымен, хореографиялық оқу орындарының «Өрлеу» халықаралық байқауының VIII маусымы қазақтың тұңғыш кәсіби балеринасы, Қазақ КСР Халық әртісі Сара Ыдырысқызы Көшербаеваның 90 жылдығына арналды.


Сонымен қатар, «Қазақ хореографиялық өнері мен білімінің көрнекті қайраткерлері» және «Ұлттық хореографиялық өнер мен білімнің өзекті мәселелері» тақырыптарында «Селезнев оқулары» атты халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы өтеді, онда 2023 жылы мерейтойлары атап өтілетін балет қайраткерлері Д. . Әбіров (100 жас) және Б.Г. Аюханов (85 жас) шығармашылықтары қарастырылады. Конференцияның «Қазақ, қырғыз, өзбек билері мысалында түркі халықтарының халық билерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары» тақырыбындағы тәжірибелік бөлімі Алматы, Өзбек және Бішкек хореографиялық училищелерінің оқытушыларының қатысуымен өтеді.


Байқау аясында Қазақстанның және шетелдің хореографиялық өнерінің жетекші мамандарының шеберлік сабақтары мен семинарлары өтуде. Оның ішінде Францияның «Ruée des Arts» би тобының «Costard» спектаклінің қойылымы мен заманауи хореография бойынша шеберлік сыныбы жоспарлануда.


Айта кетерлігі, байқаудың тарихында алғаш рет финалдық турлар, жаңа Almaty Theatre сахнасында көрермендердің қатысуымен өтеді. Бұл өз кезегінде ұйымдастырушыларға жеке «халық таңдауы сыйлығын» белгілеуге мүмкіндік береді. Байқау жас балет әртістерінің ең үздік нөмірлерінен құралған гала-концертпен аяқталады.


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін бірнеше өңірде ауа райы қолайсыз

Бүгін 08:45

Алматыда Мәдина Ералиеваны еске алуға арналған «Сағындырған әндер-ай» концерті өтеді

Бүгін 08:16

Медеу ауданында кәсіби бағдар беру акциясы жалғасып жатыр

Кеше 22:20

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Кеше 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Кеше 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика