AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда оқушыларға терроризмге қарсы қауіпсіздік...

Алматыда оқушыларға терроризмге қарсы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Заң мен тəртіп 19.03.2026, 10:23 180 dulatbekova
Алматыда оқушыларға терроризмге қарсы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

№114 жалпы білім беретін мектептің 8–11 сынып оқушыларына террористік сипаттағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалардың жолын кесу мақсатында арнайы ақпараттық-насихаттық бейнеролик көрсетілді.

Аталған бейнеролик Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Департаментінің бастамасымен, терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб шеңберінде дайындалған.

Бейнероликтің мазмұны бірнеше маңызды бағыттарды қамтыды. Атап айтқанда, террористік сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін көзделген жауапкершілік, оның ішінде жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы анонимді қоңыраулар мен жалған хабарламалар таратудың заң алдындағы салдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар террористік қауіп-қатер туралы хабарлама немесе қоңырау келіп түскен жағдайда алғашқы іс-қимылдар тәртібі нақты көрсетілді.

Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалардың құқықтық салдары туралы толық ақпарат берілді. Әсіресе Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес мұндай жалған хабарлама жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілік көзделетіні түсіндірілді.

Мамандардың айтуынша, мұндай алдын алу шаралары оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы жауапкершілікті күшейтуге ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#терроризмге қарсы #Алматы #оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Бүгін 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);