AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда оқу жылы аяқталғаннан кейін мектеп жанынд...

Алматыда оқу жылы аяқталғаннан кейін мектеп жанындағы лагерьлер жұмысын бастайды

Әлеумет 21.05.2025, 10:46 798 Bakyt
Алматыда оқу жылы аяқталғаннан кейін мектеп жанындағы лагерьлер жұмысын бастайды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Оқу жылы аяқталғаннан кейін Алматыда мектеп жанындағы лагерьлер жұмысын бастайды. Қазіргі уақытта мегаполистегі 200-ден астам мектеп оларды ашуға белсенді дайындық жүргізіп жатыр. Ата-аналар баласын лагерьге мектеп әкімшілігіне жүгіну арқылы тіркей алады. Лагерьлерге бару толықтай тегін, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Балалар үшін мазмұнды жазғы демалыс бағдарламасы әзірленіп жатыр. Лагерьлерде балалар зияткерлік және шығармашылық ойындарға, спорттық жарыстарға, викториналарға, пікірсайыс клубтарына, жазғы тіл мектептері мен «Жас ұлан», «Жас қыран» бағдарламалары бойынша сабақтарға қатыса алады. Лагерьлер жаз мезгілінде жұмыс істейді. Нақты жұмыс кестесін мектеп әкімшілігінен нақтылау қажет.

«Әр мектеп жазғы бағдарламасын әзірлейді. Мысалы, алты мектеп жанынан ұлттық дәстүрмен жақын танысуға, сәндік-қолданбалы өнер мен қолөнер негіздерін үйренуге мүмкіндік беретін киіз үйдегі этнолагерь ұйымдастырылады. 24 мектепте футбол, волейбол, баскетбол және ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтеді. 50 мектепте оқушылардың экологиялық мәдениетін және табиғатқа саналы көзқарасын дамытуға бағытталған экологиялық лагерь жұмыс істейді. Жалпы, 200-ден астам мектеп базасында жазғы мектеп жанындағы лагерь ұйымдастырылады. Ата-аналар лагерьге бару үшін ақы төлемейді», – деді Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов.

Сайран Сайфеденов балалардың қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлінетінін де атап өтті. Барлық лагерь медициналық кабинеттермен жабдықталады. Мектеп директорларымен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің қатысуымен жиналыстар өткізілді. Сонымен қатар, балалар үшін су айдынында, жолда, саябақта және қоғамдық орында өзін ұстау ережелері бойынша алдын алу сабақтары ұйымдастырылады. 

Бұған қоса, жаз мезгілінде қалада көшпелі және бейінді лагерь де ұйымдастырылады. «Шабыт» және «Самғау» орталықтары, №1 Оқушылар үйі және екі инновациялық шығармашылық орталығы секілді бес қосымша білім беру мекемесінің базасында ғылымға, эксперименттерге және жобалық қызметке бағытталған IT-лагерь жұмысын бастайды. Оқушылар сарайы және басқа мекемелер жанындағы күндізгі лагерьде шахмат, вокал, би, күрес және басқа да бағыттар бойынша сабақтар өткізіледі.

Жазғы лагерьлерден бөлек, жаз бойы балаларға қосымша білім беретін ұйымдар да жұмыс істейді. Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 11 мыңға жуық оқушы 122 жеке меншік білім беру ұйымында сабаққа тегін қатысады.

Сондай-ақ, қалалық колледждер базасында кәсіптік бағдар беру бағытындағы секциялар ұйымдастырылады. «Жаз – болашақ мамандықпен» жобасы аясында оқушылар 17 колледж базасында аспаздық, киім дизайны, шаштараз ісі және басқа да мамандық бойынша өзін сынап көре алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бала #лагерь
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);