Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда өңірлік фермерлер қатысатын ауыл шаруашыл...

Алматыда өңірлік фермерлер қатысатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Әлеумет Бүгін 09:41 105
Алматыда өңірлік фермерлер қатысатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Алматының Алатау ауданында (Нұркент шағынауданы, 6-үй, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдында) 14-15 наурыз ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Онда фермерлер мен тауар өндірушілер табиғи әрі балғын өнімдердің түр-түрін ұсынады.

Жәрмеңкеге Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысады. Қала тұрғындары мен қонақтары ет және сүт өнімдерін, көкөніс пен жеміс-жидекті, бакалея тауарларын және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей өндірушілерден тиімді бағамен сатып ала алады.

15 наурыз жәрмеңкелер Алмалы және Әуезов аудандарындағы сайлау учаскелеріне жақын аумақтарда мына мекенжайлар бойынша ұйымдастырылады.

Алмалы ауданы:
1. №62 мектеп маңы, №167 мектеп жанында
2. Дүйсенов пен Прокофьев көшелерінің қиылысы (№34 мектеп және жүргіншілер аймағы маңы)
3. «Кіші Ганди» сквері (№18 мектеп, «Print Media» колледжі, №67 мектеп)
4. «Целинный» кинотеатры маңы (АЛТ колледжі, АЛТ университеті, №36 мектеп)
5. Жүргенов атындағы Өнер академиясы, Панфилов жүргіншілер аймағы, «Алмалы» метро бекеті, «ҚҰОБТ» маңы
6. №54 мектеп маңы, Арбат жүргіншілер аймағы, «ҚазНИПИЭнергопром» институты
7. Жасөспірімдер театры алдындағы алаң (№90 және №147 мектептер)
8. №15 мектеп маңы, ҚазҰҚызПУ

Әуезов ауданы:
1. Төле би көшесі, 303 – Д. Қонаев атындағы колледж (№169 сайлау учаскесі)
2. Тастақ-1, 1в – Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі (№166 сайлау учаскесі)
3. 1-шағынаудан, 76А – №97 мектеп-гимназия (№175 сайлау учаскесі)
4. Жандосов көшесі, 51 – Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты (№144 сайлау учаскесі)
5. Таугүл шағынауданы, 34 – «Нархоз» университетінің жатақханасы (№126 сайлау учаскесі)

Жәрмеңкелер Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мен «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен өткізіледі. Іс-шараның басты мақсаты — қала тұрғындарын сапалы әрі бағасы тиімді ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету, отандық фермерлерді қолдау және негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру.

Алматы әкімінің тапсырмасына сәйкес, қалада екі «демалыс күнгі жәрмеңкені» кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар:
• Бостандық ауданы (Қазақфильм шағынауданы);
• Әуезов ауданы (Өтеген батыр көшесі — Абай даңғылы).

Бұл жұмыстар сауда алаңдарын санитарлық, сәулеттік және инфрақұрылымдық талаптарға сәйкестендіруге, сондай-ақ, тұрғындардың азық-түлікке, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар өнімдерге қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар Түрксіб, Алатау және Наурызбай аудандарында да «демалыс күнгі жәрмеңкелерді» ұйымдастыру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл жәрмеңкенің ауқымын кеңейтіп, қала тұрғындарын табиғи әрі сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен тиімді бағамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында демалыс күнгі жәрмеңкелер Алматыда тұрақты түрде өткізіліп келеді.

2026 жылдың басынан бері Алматыда 100-ден астам жәрмеңке ұйымдастырылды. Оларға Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле, Талғар және Жамбыл аудандарынан 315-тен астам фермер мен тауар өндіруші қатысты. Жәрмеңкелерде 1000-нан астам азық-түлік өнімі ұсынылды.

Жалпы, жыл басынан бері «демалыс күнгі жәрмеңкелерді» шамамен 5 мың тонна азық-түлік өнімі, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатылды. Аптасына орта есеппен 500 тоннаға дейін өнім өткізіледі.

Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мен «Алматы» ӘКК» АҚ мәліметінше, жоспардан тыс санитарлық-профилактикалық шараларға байланысты 14-15 наурыз Масанчи және Гоголь көшелерінің қиылысындағы «демалыс күнгі жәрмеңкелерді» уақытша өткізілмейді. Ал қаланың басқа аудандарында жәрмеңкелер бұрынғы тәртіппен – әр сенбі және жексенбі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмысын жалғастырады. > Эля Жаңабергенқызы: 🖼 Photo

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көктемгі дератизация жұмыстары басталады

Бүгін 11:01

Алматыда Жамбыл жыры мен Дина күйі ұлықталды

Бүгін 10:55

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Бүгін 10:41

Көрісу күні – Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні

Бүгін 10:19

Тарихта алғаш рет: қазақстандық альпинистер Альпідегі Эйгер тауының солтүстік қабырғасы — «Өлім қабырғасын» бағындырды

Бүгін 10:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика