Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда өңірлік «Аналитика мектебіне» өтінім қабы...

Алматыда өңірлік «Аналитика мектебіне» өтінім қабылдау басталды: қатысушылар қаланың болашағы үшін шешімдер әзірлейді

Алматы Бүгін 15:46 44
Алматыда өңірлік «Аналитика мектебіне» өтінім қабылдау басталды: қатысушылар қаланың болашағы үшін шешімдер әзірлейді
Алматы әкімдігі

Алматыда «Аналитика мектебі. Алматы» жобасына қатысуға өтінім қабылдау басталды. Бұл жоба қаланың тұрақты дамуына бағытталған шешімдер әзірлей алатын білікті мамандарды даярлауға арналған білім беру әрі сараптамалық алаң. Бастама қалалық ортаның сапасын арттыруды, болашақ экономиканы дамытуды, мәдени стратегияны қалыптастыруды және халықаралық деңгейде танымал брендті ілгерілетуді, сондай-ақ Алматының Орталық Азиядағы жетекші мегаполис ретіндегі мәртебесін нығайтуды көздейді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жобаны Алматының Жастар саясаты басқармасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Бұл бастама мемлекеттік басқару жүйесінде талдамалық мәдениетті қалыптастыру мен деректерге негізделген басқару тәсілдерін енгізуге бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі саналады.

2026 жылы Мектептің басты тақырыбы ретінде «Data-Driven City: қаланың тұрақты дамуы» айқындалды. Бұл басқарушылық шешімдерді деректерге, заманауи технологияға және пәнаралық талдауға сүйене отырып қабылдаудың маңыздылығын көрсететін өзекті бағыт.

Бағдарлама жұмыс тәжірибесі бар, деректерді талдау, стратегиялық ойлау және қала дамуына қатысты қолданбалы шешімдер әзірлеу бағытындағы құзыреттерін жетілдіргісі келетін жас мамандарға арналған.

Қатысушылар урбанистика мен экологиядан бастап туризм, цифрлық экономика және креативті индустрияларға дейін Алматының негізгі даму бағыттары бойынша жұмыс істейді.

Алты аптаға созылатын оқу 2026 жылы 16 мамыр мен 20 маусым аралығында офлайн форматта өткізіледі. Бағдарлама аясында қатысушылар деректерді жинау мен талдаудың қолданбалы әдістерін меңгеріп, қалалық басқару органдарына арналған тәжірибелік ұсыныстарды қамтитын талдамалық материалдар әзірлейді.

Мектептің дәріскерлері мен тәлімгерлері қатарында мемлекеттік қызметкерлер, халықаралық ұйым өкілдері және Қазақстанның жетекші сарапшылары болады.

Жоба қорытындысы бойынша үздік талдамалық шешімдер қала әкіміне ұсынылып, Алматының стратегиялық даму құжаттарын әзірлеуде қолданылуы мүмкін.

40-қа толмаған, жоғары білімі бар, кемінде 5 жыл еңбек өтілі және көрсетілген бағыттардың бірінде кәсіби құзыреті бар үміткерлер жобаға қатысуға шақырылады. Барлығы 60 қатысушы іріктеледі.

Өтінім 2026 жылы 26 сәуірге дейін қабылданады. Қатысу үшін www.jastaralmaty.kz сайтында өтінім нысанын толтырып, түйіндеме, уәждемелік және ұсыным хаттарды қоса тапсыру қажет.

«Аналитика мектебі. Алматы» жобасы қаланың дамуында жаңа тәсілдерді қалыптастыруға ықпал ететін, сарапшыларды, тәжірибелі әрі жас мамандарды біріктіретін маңызды алаңға айналмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #аналитика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бектенов «Семей орманы» резерватының жарақтандырылу деңгейін тексерді

Бүгін 17:00

Құтқаруға берілетін 96 сағат: кене шаққанда не істеу керек және Алматыда қайда жүгінуге болады?

Бүгін 16:23

Дина Исламбекова бокстан Азия чемпионатында алтын медальға ие болды

Бүгін 16:06

Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттауға қатысты жаңа өзгерістер енгізілді

Бүгін 15:26

Ұлттық метаболикалық код 2026: болашақтың медицинасы үшін пәнаралық диалог

Бүгін 14:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика