ffin.kz

Алматыда "нұротандық" мәжілісмендер кіші өнеркәсіптік парктегі жобалардың іске асырылуымен танысты

Алматыда "нұротандық" мәжілісмендер кіші өнеркәсіптік парктегі жобалардың іске асырылуымен танысты Сурет: Almaty-akshamy.kz

Депутаттар бизнесті қолдауға бағытталған іс-шараларды жоғары бағалады. 


Ағымдағы жылдың 12 шілдесінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Бекқали Торғаев, Айдос Сарым және Артур Платонов Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр адамға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы «Ala Estate» шағын өнеркәсіптік саябағына барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік базалар негізінде өнеркәсіптік парктер құру және жаңа өндірістік үй-жайлар салу Алматы қаласы бойынша Жол картасына енгізілген. 300-ге жуық жобаны жүзеге асыру алматылықтарға 25 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл мақсатта барлығы 18,2 млрд. теңге бөлінді.


Мәжілісмен Артур Платонов мегаполисте шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған іс-шараларды жоғары бағалады. Мысалы, ағымдағы жылы жоспарланған 5 өнеркәсіптік парктің 4-еуі жұмысқа кірісті, олар Наурызбай, Түрксіб және Алатау аудандарында орналасқан.



Наурызбай ауданында жиһаз, кондитерлік және галантерея бұйымдарын, кеңсе тауарларын, бетперделер мен азық-түлік қаптамаларын шығаратын 9 өндіріс орны ашылды. Кәсіпорындар 120-ға дейін тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз етеді.


Өндірістің бірінде "нұротандық" мәжілісмендер қазақстандық материалдардың аз мөлшерде пайдаланып жатқандығы үшін ескерту жасады. Кәсіпорын басшылығы мәселені қысқа мерзімде шешетінін жеткізді.


Атап өтсек, кәсіпкерлер алаңдарды жалға алу бойынша ұсынылған шарттарға риза, бұл қажетті өнімді шығаруды уақтылы реттеуге мүмкіндік береді.



«Еңбекақының тұрақты түрде төленуі, жұмыс істеу үшін жасалған жағдай және аталған өнеркәсіпке 2%-дық несиенің берілуі – мұның барлығы шағын және орта бизнеске бағытталған мемлекеттік қолдаудың және мегаполис идеологиясының күшейгенін көрсетеді. Бізді халықтың жағдайы толғандырады. Осы кездесулердің де ең негізгі себебі осы», - деді жұмыс тобының басшысы, депутат Бекқали Торғаев.



"Нұротандықтар" шетелдік инвесторлар мен технологияларды тарта отырып, сол өнеркәсіптік алаңда орналасқан трикотаж фабрикасын салу жобасымен танысты, онда 300 жұмыс орнын құру жоспарлануда.



«Бүгінде Алматы-еліміздің іскерлік астанасы, Қазақстанның экономикалық дамуының ірі локомотиві, Орталық Азия өңірінің негізгі көлік-логистикалық тораптарының бірі. Әлемнің үздік мегаполистерінің қатарына кіруге деген ұмтылыс жылына кемінде 5% экономикалық өсуді қамтамасыз етуді талап етеді. Бұған еңбек өнімділігін арттыру арқылы ғана қол жеткізуге болады», - деп атап өтті мәжілісмен Айдос Сарым.



Сапар қорытындысы бойынша Мәжіліс депутаттары шағын және орта бизнесті дамыту – Nur Otan партиясының және Қазақстанның жаңа экономикалық бағытының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Еліміздің әрбір үшінші ШОБ кәсіпорны Алматыда жұмыс істейді, жұмыспен қамтылған 10 азаматтың 6-уы ШОБ-та жұмыс істейді. Партия бұдан әрі де кәсіпкерлікті дамытуға қолдаудың тиімді құралдары арқылы жәрдемдесетін болады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04