Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда нүктелік құрылыс, тау бөктерлерін, жасыл...

Алматыда нүктелік құрылыс, тау бөктерлерін, жасыл аймақтарды және аулалық аумақтарды игеру шектеледі – Ерболат Досаев

Әлеумет 18.12.2024, 13:05 1,036
Алматыда нүктелік құрылыс, тау бөктерлерін, жасыл аймақтарды және аулалық аумақтарды игеру шектеледі – Ерболат Досаев
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласында жаңа Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті әзірленді. Бұл құжаттар бойынша қаладағы құрылысқа қатаң шектеулер енгізілмек. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Менің әкім ретіндегі жұмысым нүктелік құрылысты реттеуден басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 19 нысан анықталды. Кейбірін сүруге, ал кейбірін сатып алуға тура келді. Барлық мәселе шешілді. Жаңа Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламентінде бұл мәселелердің бәрі бекітілді», – деді әкім.

2022 жылдың басынан бері құрылысқа бақылауды күшейту аясында Алматыда 69 құрылыс нысаны толық немесе жартылай сүрілген, оның ішінде 26 тұрғын үй және 43 тұрғын емес ғимараттар. Негізгі бұзушылықтарға қажетті рұқсат құжаттарының болмауы және келісілген эскиздік жобадан ауытқулар жатады. Мұндай нысандарды сүру тек сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.

«Біз үлкен жұмыс атқардық. Қала құрылысына қатаң шектеулер енгізетін жаңа ережелерді әзірледік. Бұл нүктелік құрылыстарды, тау бөктерлері мен жасыл аймақтарды игеру және аулалық аумақтарды зақымдауды болдырмауға бағытталған», – деді Досаев.

Жаңа ережелерге сәйкес, Абылай хан даңғылы мен әл-Фараби даңғылы арасындағы аумақта тек ерекше нысандарды қоспағанда, биіктігі 9 қабаттан аспайтын тұрғын үйлер ғана салуға рұқсат етіледі.

Құрылыс тек қоғамдық маңыздылықты негіздейтін сәулет-қала құрылысы шешімдерінің болуы, жобаның экологиялық тұрақтылығы мен ресурстарды үнемдеуге арналған технологияларды қолдану шарттарында ғана рұқсат етіледі.

ВОАД-тың оңтүстік бөлігінде, әл-Фараби даңғылының, Саин және Жандосов көшелерінің бойындағы тау бөктерлерінде, сондай-ақ 15 градустан асатын көлбеу алаңдарда құрылыс жүргізуге тыйым салынады. Террасалар мен техникалық қабаттарды қайта жабдықтау да рұқсат етілмейді.

Сонымен қатар, Алматыда III кластан төмен тұрғын үйлер салынбайды. Барлық көппәтерлі тұрғын үй кешендерін қабылдау мен пайдалануға беру кезінде мемлекеттік органдардың бақылау функциялары күшейтіледі. Архитектуралық-құрылыс бақылау органдарының өкілеттіктері де кеңейтіледі.

Жаңа ережелер қазіргі уақытта сарапшылар мен қоғамның талқылауына ашық қолжетімділікте. Жыл соңына дейін олар мәслихат депутаттарының қарауына ұсынылып, 2025 жылдың басында күшіне енуі мүмкін.

«Егер мәслихат жаңа Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламентін бекітсе, біз қаладағы жұмыс шарттарын нақты бекітіп, реттеусіз қалған тұлғалардың тау бөктерлерін игеріп, заңсыз үйлер салу мәселесін шешеміз. Бұл, ең алдымен, олардың қауіпсіздігі үшін маңызды», – деді Ерболат Досаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қала құрылысы регламенті #Құрылыс ережелері #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстанның қаржы секторы алдағы референдумды қолдады

Бүгін 18:25

Тұңғышбай Жаманқұлов жастарды кітап оқуға, уақытты қадірлеуге шақырды

Бүгін 18:16

Алматы 2-ЖЭО-ын жаңғырту атмосфераға тарайтын зиянды шығарындыларды айтарлықтай азайтуға бағытталған

Бүгін 17:49

Арнайы операция: есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды

Бүгін 17:14

Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика