AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Наркостоп» акциясы өтті

Алматыда «Наркостоп» акциясы өтті

Әлеумет 29.10.2024, 14:53 1,808
Алматыда «Наркостоп» акциясы өтті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда қала ғимараттарына жазылған есірткі жарнамаларын жоюға бағытталған «Наркостоп» акциясы өтті.  Шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы, прокуратура және Алматы қаласының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл  басқармасының қолдауымен өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты – жастарға есірткінің зияндылығын түсіндіре отырып, салауатты өмірді таңдауға шақыру.

 

«Наркостоп» акциясы — бұл тек жазуларды бояу емес, жастарға қауіпсіз болашақ сыйлауға бағытталған маңызды қадам.  Осындай шаралар арқылы жастар арасында есірткінің зияндылығын түсіндіріп, салауатты өмір салтын насихаттап, олардың өз ортасына деген жауапкершілігін арттырғымыз келеді», - деді ұйымдастырушылар.

 

Акцияға 200-ге жуық волонтерлер және белсенді жастар  қатысты. Олар Алматы қаласының Полиция департаментінің қызметкерлерімен есірткі жарнамаларының орындарын анықтап, олардың заңсыз жазбаларын өшірді. Рейд барысында 1 күннің ішінде  ғимараттардың сыртқы қабырғасына  жазылған 100-ден аса жарнама анықталып, жойылды.

 

«Осы акцияға қатысып қала жастары ортақ мақсат үшін біріктік. Біз заңсыз жарнамаларды өшіріп, олардың әр қарай таралмауына кішкене болса да өз үлесімізді қосып жатырмыз», - деді волонтер Бектұрғанов Күшқуат.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акция бір реттік емес, жүйелі түрде өтіп тұрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наркостоп #жастар #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);