AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Нәрестелер аллеясы» ашылды

Алматыда «Нәрестелер аллеясы» ашылды

Алматы Бүгін 14:08 34
Алматыда «Нәрестелер аллеясы» ашылды

Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының аумағында «Нәрестелер аллеясы» ашылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Игі бастама аясында осы Орталықта дүниеге келген балалардың отбасылары 80 түп алма ағашын екті. Бұл туралы қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты.

Акцияға балаларымен бірге ата-аналар, ата-әжелер қатысты. Іс-шара барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қатысушыларды аллеяның ашылуымен құттықтады.

«Бұл аллея – өмірдің, отбасылық бақыт пен үміттің символы. Әр ағаш сәбидің өмірге келуімен сабақтасып, әр отбасының тарихындағы ерекше сәтті бейнелейді. Алма ағаштары тамырын тереңге жайып, жайқалып өссін. Олармен бірге балаларымыз да өсіп, дені сау, бақытты болып ержетсін», – деді Марат Пашимов.

Ол заманауи медицина – технология мен жоғары дәлдіктегі медициналық көмек қана емес, ең алдымен әр баланың өмірі мен денсаулығына деген қамқорлық екенін атап өтті.

2022-2025 жылдары Орталықта 33 мыңнан астам сәби дүниеге келді, 1,6 мыңнан астам жаңа туған нәрестеге жансақтау және қарқынды терапия бөлімдерінде медициналық көмек көрсетілді.

Отбасылармен бірге егілген 80 алма ағашы Орталық аумағындағы жаңа «Нәрестелер аллеясының» негізін қалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аллея
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әбіл» фильмі Қазақстанның атынан «Оскар-2027» сыйлығына ұсынылды

Бүгін 14:27

Қарағандыда зейнеткердің үйінен ноутбук пен әшекей бұйымдар ұрланды

Бүгін 14:01

Бояумен жазылған есім: Алматыда заңсыз граффитиге қатысты бақылау күшейтілді

Бүгін 12:31

Әуежайдағы әзіл: Жарылғыш құрылғы туралы айтқан шымкенттік жолаушы жауапқа тартылды

Бүгін 12:03

Көлік полицейлері мен еріктілер теміржол нысандарын граффитиден тазартты

Бүгін 11:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);