ffin.kz

Алматыда Мұрат Әуезовтің 80 жылдық мерейтойына арналған шара өтті

Алматыда Мұрат Әуезовтің 80 жылдық мерейтойына арналған  шара өтті Сурет: Ашық дереккөзі

Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениеттанушы ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Өткірдің жүзі» атты салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Шараны Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосының Алматы филиалының жетекшісі  Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.


Салтанатты шараны құттықтау сөзбен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Оралов Асхат Раздықұлы, Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Майлыбаев Ғани Айдарұлы және ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, Мұрат Мұхтарұлының еліміздің  рухани дамуына, қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасының сақталуына, жаңғыруына және зерделенуіне, ұлттық мәдениет пен әдебиеттің дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, жылы лебіздерін білдірді.



Жиын барысында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Елеусінова Бұлбұл Ораққызы, Қазақстанның халық жазушысы, лингвист-зерттеуші, түркітанушы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, «Невада-Семей» қозғалысының көшбасшысы,  Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының директоры Сүлейменов Олжас Омарұлы және өзге де қоғам қайраткерлері сөз сөйледі.


Шара соңында мерейтой иесі Әуезов Мұрат Мұхтарұлы қорытынды сөз сөйлеп, Қанат Әмірханов «Жас тұлпар» ұйымының әнұранын шырқады.


Кездесу аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Мұрат Әуезовтің қызметі мен шығармашылығына арналған «Өткірдің жүзі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51