AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматқа көлік тұрағы...

Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматқа көлік тұрағы үшін салынған айыппұл тұрғынның өз шотына қайтарылды

Әлеумет 12.07.2024, 11:05 1,072
Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматқа көлік тұрағы үшін салынған айыппұл  тұрғынның өз шотына қайтарылды
Сурет: Egov.kz

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматқа көлік тұрағын төлемегені үшін заңсыз айыппұл салынғанын мәлім етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

- Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматыдағы өкіліне 2-топ мүгедектігі бар арызданушы хабарласты. Оның айтуынша, ақылы автотұрақ оның үйінің жанындағы, кіреберістегі аумақта орналасқан. Өтініш беруші денсаулығы бойынша ерекше қажеттіліктері бар адам болғандықтан, ол өз көлігін кіреберістің жанына қоюға мәжбүр, бірақ видеобот оған тұрақ ақысын төлемегені үшін автоматты түрде айыппұл салған. Оған қатысты барлығы 8 әкімшілік хаттама толтырылған. Уәкіл өкілінің бастамасымен бұл мәселе әкімдік пен «Алматы паркинг» компаниясының қатысуымен өткен жиында талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша әкімшілік өкілдері мәселені 3-тоқсанның соңына дейін шешіп, ғимарат тұрғындары үшін көлік тұрағын тегін етуге уәде берді, - деп хабарлады мекемеден.

Сондай-ақ АҚЖУ баспасөз қызметі Алматы Әкімшілік полиция басқармасына арызданушының құқық бұзушылықтарын жою туралы хат жолданып, қазіргі уақытта оған қатысты барлық ұйғарымдардың күші толығымен жойылғанын атап өтті. Ал бұрын өндіріп алынған сома тұрғынның өз шотына қайтарылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айыппұл #мүмкіндігі шектеулі азамат #қайтарып беру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 98-дегі науқасқа қолқа қақпақшасын ауыстыру отасы сәтті жасалды

Кеше 17:10

Алматы қаласы бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларына қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есеп

Кеше 16:46

Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Кеше 16:09

Алматыда Президент Жолдауының міндеттері педагогтер мен медицина қызметкерлерімен талқыланды

Кеше 15:36

Алматыда қай көліктер көп кездеседі?

Кеше 15:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);