AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына а...

Алматыда Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған форум өтті

Әлеумет 28.06.2022, 12:38 2,292
Алматыда Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына арналған форум өтті
сурет: Baq.kz

Шаханов ертеректе көтерген әдеби, қоғамдық және саяси өзекті мәселелер сөз болды


Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, ақын Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойына орай Ұлттық құндылықтар ассоциациясы «Жігерлендіру» атты форум өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.


Жиын барысында Шаханов ертеректе көтерген әдеби, қоғамдық және саяси өзекті мәселелер сөз болды.


«Жігерлендіру» форумы  «Шаханов және қазақ әдебиеті», «Ұлттық идеология» мен «Мәдениет» атты үш бөлікпен өтті. Тақырып бойынша спикерлер өзекті мәселелерді көтеріп оның шешімін ұсынды.


Жиын барысында ақын денсаулығына байланысты ем алып жүргенін, жақын арада Түркияға баратынын жеткізді.


Ақын, профессор Бауыржан Жақып бұл жиын ақын мерейтойының бастауы екенін айта келе, алдағы уақытта Жазушылар одағында ауқымда шара өтетінін жеткізді. Сонымен қатар сөз арасында ақын Мұхтар Шахановтың түрік әлеміндегі керемет беделіне куә болғанын айтып берді.



«Бұған дейін Мұхаң өлеңдерім дүниежүзінің 68 тіліне аударылды деп айтатын, қазір одан да көп болуы керек. Түркияда Шыңғыс Айтматов ағамыздың шығармасына арналған үлкен фестиваль болды. Сонда түрік жұртшылығының Мұхтар Шахановтың поезиясына деген үлкен қызушылығына куә болдым. Жер-жерден түркі халықтарының өкілдері жиналды. Сол жиында Шыңғыс пен Мұхтар ағамыз қолтықтасып, Ата түріктің ескерткішіне гүл қоюға бара жатқан кезде түріктер көшенің бойында тұрып, үйінің балконына шығып тұрып қол соғып, құрмет көрсетіп тұрды. Бірі қырғыздың, бірі қазақтың атын әлемге танытқан екі алып»,-деді Б. Жақып.



Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман  ақын Мұхтар Шаханов ұлттық құндылық пен ана тіліміз үшін шырылдап жүрген жан екенін атап өтті.



«Бүгінгі жиынның атының өзі ерекше, «жігерлендіру» дегеніміздің өзі Мұхаңның тұла бойында тұнып тұр. Ұлтына деген, жеріне деген жылылық, сүйіспеншілік бар. Мұхаңның бойындағыдай қайсарлық, білгірлік, ата-салт, даналық барлық қазақта болғанда, онда бұл Қазақстан бүгін Қазақ елі болып елді өзіне қарай ертіп кеткен болар еді»,-деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұхтар Шаханов #форум #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);