Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда мобильді экопатрульдер іске қосылды

Алматыда мобильді экопатрульдер іске қосылды

Заң мен тəртіп 06.12.2021, 04:06 1,094
Алматыда мобильді экопатрульдер іске қосылды
Сурет: Іnform.kz

11 экипаж күн сайын жолға шығады.


Алматыда мобильді экопатрульдер іске қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазір уақытта Алматы полициясы Жасыл экономика басқармасымен бірлесіп, экологиялық стандартқа сай келмейтін көліктерді анықтау мақсатында рейд жүргізіп жатыр. Көрсетілген заң бұзушылықтарды анықтау үшін арнайы техникамен жабдықталған патрульдік полицияның 11 экипажы күн сайын жолға шығады.



«Іс-шараның басынан бері екі жарым мыңнан астам көлік тексеруден өтті, оның 1 мың 193-і дизельдік отынмен, 1 мың 357-сі жағармаймен жүреді. Тексерілген көліктердің жалпы санының 23%-ы экологиялық стандарттарға сәйкес келмейді: 589 көлік құралында пайдаланылатын газ көлемі артық болып шықты. Сонымен қатар, бүгінде қалаға кіре берісте 19 экологиялық бекет орнату жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Олар өлшеу құралдары, бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап барлығы 139 мың 746 көлік тексерілді, оның 21 мың 751-інде улылық нормасынан асып кеткені анықталды», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.



Анықтама үшін: ҚР ӘҚбК-нің 334-бабына сәйкес, шығарындыларындағы ластаушы заттардың мөлшері, сондай-ақ пайдалану кезінде олардан туындайтын шу деңгейі белгіленген нормативтерден (техникалық нормалардан) асатын автокөліктерді, басқа да жылжымалы көліктерді және қондырғыларды пайдалану ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеледі, жеке тұлғаларға – 10, заңды тұлғаларға – 100 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады.


Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет үшін жеке тұлғаларға – 20, заңды тұлғаларға 200 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынуы ықтимал.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #көлік #Рейд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Семейде жалған маркамен алкоголь өндірген жасырын цех әшкереленді

Бүгін 10:21

Таразда оқушы әкесінен алимент өндіріп алды

Бүгін 10:09

Ақтөбедегі теракт: сотталғандардың үшеуі түрмеде қайтыс болды

Бүгін 09:49

Ақтауда түйесін үйдің маңындағы "тұраққа қойған" тұрғынға айыппұл салынды

Бүгін 09:31

Кирилл Курдиди тректегі велоспорттан Азия чемпионатының чемпионы атанды

Бүгін 09:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика