ffin.kz

Алматыда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды

Алматыда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ержан Бабақұмаров байқау жеңімпаздарына марапаттарды тапсырды.


Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қалалық кезеңінің жеңімпаздары – Ахметовтер отбасын марапаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Еске салсақ, «Мерейлі отбасы» байқауы отбасы, адамгершілік, руханият институттарын нығайту, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңызын түсіну және ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды көрсету және кеңінен насихаттау, кәмелет жасына толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарына қамқорлық танытулары мақсатында өткізіледі.



«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылы бекіткен болатын. Байқау дәстүрге айналды:  мемлекетіміздің дамуына үлес қосқан отбасылар анықталуда, ал бұл руханият пен салауатты қоғамды қолдау үшін өте маңызды. Байқау балалардың талантын ашудың, көңіл-күйдің, құндылықтарының қайнар көзі отбасы екенін көрсетуде. Біздің қаланың жеңімпаздары – бұл көптеген алматылықтар мен қазақстандықтардың көптеген ұрпақтарына үлгі болатын отбасылар», - деген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жеңімпаздарды құттықтап, оларға зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.




Байқаудың қалалық кезеңіне қатысуға 142 отбасы өтініш берді. Наурызбай ауданының Ахметовтер отбасы жеңімпаз атанды. Ахметовтер отбасының жұбы – екеуі де дәрігер, кіші қызы мен немерелері ата-аналарының жолын қуған.



«Бізге ерекше көңіл бөлгендеріңізге өте ризамыз, бұрын мұндайды көрген емеспіз. Біздің отбасымызға назар аударылып, керемет сыйлық жасалды. Біз отбасымыздың басқаларға үлгі болғанына және Отанымыздың дамуына үлес қосқанымызға өте қуаныштымыз. Менің жасым 85-те, жолдасым 90-да. Биыл үйленгеніміздің темір тойын – некеде болғанымыздың 65 жылдығын атап өтеміз. Барлық немерелерімді өз балаларымдай тәрбиеледім, бүгінде олар табысты тұлғалар. Біздің отбасымызға абырой мен құрмет көрсетілгеніне қуаныштымыз», - деді Күнсары Ахметова.



Байқауды өткізу жөніндегі қалалық комиссияның құрамына қала әкімінің әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі инспекторы, қалалық басқармалар басшылары, ҮЕҰ өкілдері, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері және т.б. енді.


Алматыда аудандық деңгейде жеңіске жеткен отбасылар да марапатталды:


- Алатау ауданы – Ізтілеуовтер отбасы барлық өмірін білім беру саласына арнаған, жастардың көптеген буындарын тәрбиелеген. Олар оқушылардың білімін арттыру мақсатында «Zerde Education» оқу орталығын құрған.


- Алмалы ауданы – Сыдықовтар отбасы білім, өнер және қауіпсіздік саласында жұмыс істейді.


- Әуезов ауданы – Біләловтар отбасының барлық мүшелері білім беру саласында жұмыс істейді.


- Бостандық ауданы – Бестембаевтар отбасы медицина саласына айтарлықтай үлес қосты;


- Жетісу ауданы – Шоманбаевтар отбасы экономика мен кәсіпкерлік саласына үлес қосуда. Отағасы кәсіпкерлікті қайырымдылықпен ұштастыруда.


- Медеу ауданы – көп балалы Дәрібаевтар отбасы оқуда және спортта жетістікке жеткен алты баланы тәрбиелеуде.


- Түрксіб ауданы – көп балалы Әбілғазы отбасының мүшелері - өз өмірлерін өлеңге, әдебиетке, музыкаға арнаған өнер өкілдері. Жеті ұрпақтан тұратын Әбілғазы отбасының шығармашылық тәжірибесі жүз жылдан асады.


Айта кетерлігі, шара адамдарды көп жинамай, эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып өтті. Марапаттауға келген қатысушылар вакциналанғандар қатарында.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51