«Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларының бос лауазымдық орындарына конкурс жариялайды:
Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 15 гимназия» КММ басшысы.
Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Гоголь көшесі, 133 үй.
Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру, 1999 жылдан бері жұмыс істейді.
Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 24 лицей» КММ басшысы.
Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Гоголь көшесі, 187 үй.
Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру, 1999 жылдан бері жұмыс істейді.
Алматы қаласы Білім басқармасының «Ілияс Есенберлин атындағы № 25 гимназия» КММ басшысы.
Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 128 үй.
Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру, 1999 жылдан бері жұмыс істейді.
Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 144 мектеп-гимназия» КММ басшысы.
Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Туркебаева көшесі, 93 үй.
Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру, 1999 жылдан бері жұмыс істейді.
Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 126 мамандандырылған лицей» КММ басшысы.
Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Ақсай-4 ықшам ауданы, 66 үй.
Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру, 1999 жылдан бері жұмыс істейді.
Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 141 жалпы білім беретін мектеп»КММ басшысы.
Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Жетісу-2 ықшам ауданы, 8В үй.
Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1999 жылдан бері жұмыс істейді.
Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 73 мектеп-гимназия»КММ басшысы.
Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Басенов көшесі, 14 үй.
Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру. 1999 жылдан бері жұмыс істейді.
Алматы қаласы Білім басқармасының «Сүйінбай атындағы № 143 мектеп-лицей» КММ басшысы.
Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Колпаковского көшесі, 26 үй.
Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру, 1996 жылдан бері жұмыс істейді.
Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 197 негізгі орта мектеп» КММ басшысы.
Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Сұлусай ықшам ауданы, Интернациональная көшесі, 7А үй.
Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру, 1999 жылдан бері жұмыс істейді.
Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 50 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы.
Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Бурундайская көшесі, 44 үй.
Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру, 1996 жылдан бері жұмыс істейді.
Алматы қаласы Білім басқармасының «№ 89 жалпы білім беретін мектеп» КММ басшысы.
Заңды мекенжайы: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Поддубного көшесі, 155 үй.
Қызмет түрі: Негізгі және жалпы орта білім беру, 1996 жылдан бері жұмыс істейді.
Лауазымдық жалақысы жұмыс өтіліне байланысты 202 807 теңгеден 245 988 теңгеге дейін.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;
немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.
осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшысы (директоры) үшін:
жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, облыстық немесе республикалық немесе халықаралық олимпиадалардың, орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын дайындаған жалпы білім беретін мектепте, гимназияда, лицейде басшының орынбасары немесе басшы лауазымындағы өтілі кемінде 2 жыл;
немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;
осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
- білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына сәйкес және осы біліктілік сипаттамаларына сәйкес басқарады;
- педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың іске асырылуын ұйымдастырады;
- педагогикалық кеңесті басқарады;
- Мектепті дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, мектепішілік бақылау жоспарын, тәрбие жұмысының жоспарын, психологиялық қызметтің жұмыс жоспарын және құрамын бекітеді;
- білім беру ұйымының ғылыми - әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді;
- оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді;
- заманауи ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді;
- қашықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады және бақылайды, барлық сыныптар үшін қашықтан оқытудың түзетілген оқу бағдарламасын және сабақ кестесін бекітеді;
- педагогикалық ұйымдардың, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді;
- білім беру қызметінің құқықтану лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және өзге де) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды ескере отырып, тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді;
- оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;
- ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;
- ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
- психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
- білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
- Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар қоғамдастығының алдында ұйымның қызметі туралы, оның ішінде қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
- нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жауап береді;
- педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды;
- компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
- педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;
- жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерін көтермелеуге ұсынады;
- педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;
- өз құзыреті шегінде мектептің басқа қызметкерлеріне жаза қолданады;
- жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен), қамқоршылық кеңеспен жұмысты үйлестіреді;
- мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
- өзінің кәсіби дамуымен жұмыс істейді, оның ішінде менеджмент саласында;
- білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;
- білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді.
Білуге міндетті:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
- педагогика және психология негіздері;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
- педагогикалық этиканың нормалары;
- менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар;
- республикалық әскери мектеп-интернаттың, облыстық Кадет мектеп-интернатының бастығы (директоры) Қосымша білуге тиіс:
- «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
Конкурс «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының негізінде өткізіледі.
Конкурстың өткізілетін уақыты жоғарыда көрсетілген Қағидаға сәйкес белгіленеді.
Конкурсты өткізу орны: «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 үй мекенжайында.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» газетінде) және Алматы қаласы Білім басқармамсының «edualmaty.kz» сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
«Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ келесі құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)
11) түйіндеме;
12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулері, жинақтаған жеке педагогикалық тәжірибесі, марапаттары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) қосымша ұсынады.
Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды келесі мекенжайға тапсыру керек: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, Алматы қаласы Білім басқармасы, электронды пошта: service.ok.2@mail.ru..
Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар қатысады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы Білім басқармасының сайтында жарияланады.
Кандидаттар әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабарлама алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы Білім басқармасында офлайн режимде әңгімелесуден өтеді.
Конкурс нәтижелеріне конкурсқа қатысушылар заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары: +77073583242. Элекрондық адрес: service.ok.2@mail.ru.