ffin.kz

Алматыда  «Мейірімді өнім» қайырымдылық жобасы басталды

Алматыда  «Мейірімді өнім» қайырымдылық жобасы басталды almaty-akshamy.kz

 Балалар хосписінің қатерлі ісікке шалдыққан балаларға көмектесуге болады. 


8 шілдеде Алматыда онкологиялық ауруға шалдыққан балаларды қолдаудың "Здоровая Азия" қоғамдық қоры Ergopack және «Көктем» компанияларымен бірлесіп «Мейірімді өнім» қайырымдылық жобасын бастады, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz.


Бұдан былай супермаркеттерден өнім сатып алуда "Мен сенімен біргемін" балалар хосписінің қатерлі ісікке шалдыққан балаларға көмектесуге болады.


Жобаны ұйымдастырушылардың бірі Мария Ледяева коронавирус індеті әлемнің әр елі үшін қиын сынаққа айналғанын мәлімдеді. 



«Пандемия – қайырымды жандар тарапынан жасалатын ізгі бастамалардың артуына серпіліс берді. Біз онкологиялық ауруға шалдыққан балалар хосписіне көмек қажет екенін білдік, өйткені карантин олардың қаржылық жағдайын қиындатты. Оның үстіне, хосписте тұрақты тұратын және хоспистің оңалту бөліміне тіркелген, сондай-ақ жылжымалы қызметтің тұрақты медициналық бақылауындағы балаларға медициналық қолдау қажет. Хосписте қаржылық көмексіз шешілмейтін ай сайынғы қажеттіліктер бар. Сондықтан осы акцияны ұйымдастырып, оларға қолдау көрсетуді ұйғардық. Акцияға "Мелочи жизни" мен "STR8" сауда маркалары да қатысады», – деді Мария Ледяева. 



Осы сауда маркаларының тауарларын сатып алып, мегаполистің әрбір тұрғыны түсімнен түскен қаражаттың бір бөлігі ауру балаларға көмектесуге жұмсалатынына сенімді бола алады. Бұл ретте өнімді үнемдеуге және акциялық тауарды 45% дейін жеңілдікпен сатып алуға болады.


Алматыда 8 шілдеден бастап науқанға "A-Store" ("ADK” СОCО), “Cosmart” (дүкендер желісі) және Carefood супермаркеті мен дүкендері қосылды. 15 шілдеден бастап сөрелерде "Добрый продукт" акциясы "Сабыржан" (Тоймарт), "Магнум" мен Small желілерінде 21 шілдеден басталады. 


Марияның айтуынша, ол кеше ғана @detskyhospis балалар хосписінде болған (инстаграмдағы парақша). Қазіргі уақытта стационарда 40 күннен 13 жасқа дейінгі 6 бала ауыр халде жатыр. Ем алып жатқан жағдайы ауыр науқас пен ремиссия жағдайындағы балалар да бар. Олар хоспистің емделу бөлімінде. 



«Менің ойымша, қазір балалар хосписінің оңалту бөлімінде 12 бала бар. Кейбір балалар үйде тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық топтың бақылауында. Олар да қаржылық қолдауды қажет етеді. Сондай-ақ көшпелі қызметтің тұрақты қамқорлығында 320 бала бар. Балалар хосписінің миссиясы - бүлдіршіндерге қайғы-қасіретсіз жарқын өмір сыйлау. Мұнда балаларға өмірінің қалған күндерін қуанышпен өткізу үшін барлық күш-жігер мен қамқорлық көрсетіледі. Алматының тұрғындары  мен оның қонақтары науқас жандарға көмек беретініне сенемін. Сондай-ақ басқа компаниялар да бізге қолдау көрсетеді деп үміттенеміз. Жақсылық жасау оңай», – дейді Мария Ледяева. 



Айта кетерлігі, ұйымдастырушылар ірі сауда желілерін қайырымдылық акциясына қолдау білдіріп, атсалысуға шақырады. Акция Нұр-Сұлтан, Тараз, Шымкент, Қарағанды, Петропавл, Өскемендегі сауда желілерін қамтиды. 



Акция туралы және қайырымдылық шараны қолдаған дүкендер желісі туралы толық ақпарат @melochi.zhizni.kz және @str8_kazakhstan әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда жарияланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58