ffin.kz

Алматыда медициналық-санитарлық алғашқы көмектің бірыңғай стандарты енгізіледі

Алматыда медициналық-санитарлық алғашқы көмектің бірыңғай стандарты енгізіледі Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда VIII сайланған мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясы өтіп, онда депутаттар «Алматы қаласының медициналық-санитарлық алғашқы көмектің бірыңғай стандарты» бағдарламасын қабылдады. Бұл шара Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесін тиімді дамытуға бағытталған, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Жобаның негізгі бағыттары

Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесі үшін басты басымдық - тиімді медициналық-санитарлық алғашқы көмекті (МСАК) дамыту. Мегаполисте 1,8 млн адамға 40 мемлекеттік емханада, ал 517 мың адамға 36 жеке емханада қызмет көрсетіледі. Балалар мен қарттар сияқты тұтынушылар көп тұратын жерде медициналық қызметке жүгінушілер санының тұрақты түрде өсіп отырғаны байқалады. Бұл денсаулық сақтау инфрақұрылымына, әсіресе шамадан тыс жүктелген МСАК ұйымдарына үлкен әсерін тигізеді.

«Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды іске асыру аясында Алматы қаласының әкімдігі Жол картасын бекітті. Бұл карта «Инклюзивті орта, білім беру және медицина» бағыты бойынша амбулаториялық-емханалық көмекті дамытудағы кешенді тәсілді қамтамасыз ету үшін әзірленген», - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков.

Бірыңғай стандарт аясында көзделген шаралар

  • Жобалық-технологиялық шешімдерге, медициналық қызмет көрсету регламенттеріне, менеджмент пен цифрландыруға көзқарастарды біріздендіру және стандарттау.
  • Қаланың полицентристік даму қағидаттарына, халық үшін «қадамдық» қолжетімділік қағидаттарына сәйкес емханалар салу.

Жоспарланған инфрақұрылымдық жобалар

  • 2024 жылы мемлекеттік меншіктегі 13 МСАК медициналық нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеуін аяқтау.
  • 2027 жылы мемлекеттік меншіктегі МСАК-тың 49 медициналық нысандарын жобалау, салу және күрделі жөндеуді аяқтау.
  • Жеке меншік нысанындағы 36 емхананы күрделі жөндеу.

МСАК ұйымдарының үш деңгейлі құрылымы

  1. Ауысымына 200 адам қабылдайтын медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығы (бекітілген халық саны 5 000-нан 30 000 адамға дейінгі аумақтық қызмет көрсету аймағы шегінде). Жалпы ауданы 4000-нан 5800 м²-ге дейін.
  2. Бір ауысымда 300 адам қабылдайтын қалалық емхана (бекітілген халық саны 30 мыңнан астам). Жалпы ауданы 6800-ден 8500 м²-ге дейін.
  3. Бекітілген халық саны 50 мыңнан асатын ауысымда 500 адам қабылдайтын клиникалық-диагностикалық орталықтары бар қалалық емхана. Жалпы ауданы 7000-нан 10000 м²-ге дейін.
  • Дәрігерлік қызметкерлерге жүктемені азайту және дәрігерді күнделікті жұмыстан босату мақсатында белгілі өкілеттіктерді жоғары білімі бар мейірбикеге беру.
  • Көшпелі бригада арқылы МСАК-тың үйде қызмет көрсету функциясын оңтайландыру.
  • Медициналық қызметтердің сапасын бақылау (сыртқы және ішкі).

Бұл стандарт пациенттерге күтім жасау деңгейін арттырып, емдеу нәтижесін жақсартады және медициналық ұйымдардың дамуына ықпал етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32