Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда МӘМС пакеті шеңберінде зейнеткерге ота те...

Алматыда МӘМС пакеті шеңберінде зейнеткерге ота тегін жасалды

Медицина 07.10.2021, 08:34 1,535
Алматыда МӘМС пакеті шеңберінде зейнеткерге ота тегін жасалды
Сурет: Zdrav.expert

Алматылық дәрігерлер 90 жастағы науқастың жамбас буынын алмастырды


Алматы қалалық №4 аурухананың эндопротездеу бөлімі меңгерушісі Манарбек Әубәкіровтің айтуынша, зейнеткер автобустан құлап жарақат алған. Дәрігерлер бірден жамбас сүйегінің жабық субкапиталды сынығы деген диагноз қойыпты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Ауруханаға түскен кезде, пациент жамбасының ісіп кеткенін, қатты ауыратынын айтып шағымданды. Сонымен қатар қимыл-қозғалысы қиындап, жүріп-тұрудан қалған. Қабылдау бөлімінде оны кешенді тексеруден өткіздік, терапевт, травматолог, анестизиологтан құралған мультидисциплинарлық команда қарады», - деді Манарбек Әубәкіров.



Жасы тоқсанды алқымдаған Вера Ким отаның бұл түрі жайлы жақсы біледі. Сондықтан ол операция жасауға бірден келісім берген.



«Базардан қайтып келе жатып автобусқа міндім.Түсерде аяғым тайып кетіп жолдың жиегіндегі тасқа құладым. Сөйтсем, жамбас сүйегім сынған екен. Бірден "жедел жәрдем" шақыртып, олар мені 4-ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер қарап шыққаннан кейін ота жасау қажеттігін айтты. Балаларым да бірден келісті. Операция тез, жақсы жасалды. Содан бері міне, бір апта өтті, қазір аяғымды басып жүремін. Қартайған шағымда осындай қуаныш сыйлаған дәрігерлерге ризамын», - дейді зейнеткер.



Буын алмастыру жалпы құны 1,5 млн теңгеден басталатын жоғары технологиялық операциялар қатарына жатады. Ота зейнеткерге МӘМС пакеті шеңберінде тегін жасалды.


Эндопротездеу - соңғы жылдары көп жасалып жүрген манипуляциялардың бірі. Себебі ол буыны ауыратын сырқаттың ауруын жеңілдетіп, емін-еркін жүріп-тұруына мүмкіндік береді.


Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, сақтандырылған тұрғындар жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын қызметтерді, КТ, МРТ сынды консультативтік-диагностикалық қызмет түрлерін, реабилитациялық көмекті тұрақты түрде пайдаланып келеді.



«МӘМС пакетінің ауқымы кең. Сақтандырылған азаматтар көпшіліктің қалтасы көтере бермейтін осындай ота түрлерін жасату қажет болған жағдайда медициналық қызметті көп шығындалмай, кедергісіз пайдалана алады. Сондықтан барша азаматтарды сақтандыру жүйесіне қатысуға шақырамын», - деді филиал директоры.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Диагноз #ота #мемекеттік сақтандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 16:47

Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Бүгін 16:23

"Діни насихатты шектеу керек". Мәдениет министрлігі Баян Алагөзованың ұсынысына пікір білдірді

Бүгін 16:19

"Айналайын, келе ғой". Абай облысында атқа мінген полицей айдаладан 3 жасар баланы тауып алған (ВИДЕО)

Бүгін 16:00

Түркістан облысында мал ұрлаған бір топ адам ұсталды

Бүгін 15:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика