конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның көшп...

Алматыда Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өтті

Әлеумет 30.11.2024, 10:47 944
Алматыда Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өтті
ҚР Мәжіліс парламенті

Жиынға палата төрағасы Айдос Сарым жетекшілік етіп, Мәжіліс вице-спикері Дания Еспаева мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Олар жаңа Салық кодексінің жобасын талқылады.

Айдос Сарым Мемлекет басшысы қыркүйектегі Жолдауында салық заңнамасы мәселелерін Үкімет пен Парламентте жан-жақты талқылап, қажетті шешімдер шығаруды тапсырғанын еске салды.

Қыркүйек айынан бастап Мәжіліс жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеп жатыр. Депутат түзету енгізе бермейтін, болашақта тұрақты жұмыс істейтін кодексті қабылдау міндеті тұрғанын атап өтті.

Жаңа Салық кодексі жобасының негізгі бағыттары туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов ақпарат берді.

Талқылау барысында Мәжіліс депутаты, кодекс жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Берік Бейсенғалиев, сарапшылар Ерлан Смайылов пен Наталья Малярчук, бизнес-қоғамдастық өкілдері мен сарапшылар өз ұсыныстарымен бөлісті. Атап айтқанда, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Тимур Жәркенов әлеуметтік сала ұйымдары, медицина, сондай-ақ тұрғын үй жылжымайтын мүлікті бастапқы сату бойынша құрылыс салушылар үшін қосымша құн салығынан босату жеңілдіктерін сақтауды ұсынды.

Жиын барысында кәсіпкерлердің де пікірлері тыңдалды. Айтылған ұсыныстар Салық кодексінің жобасы бойынша алдағы жұмыс барысында Мәжілісте қаралатын болады.

Жиын соңында вице-спикер Дания Еспаева жалпы Салық кодексінің жобасын талқылауға және жиынға белсене қатысқаны үшін мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдеріне алғысын білдірді. Ол өз сөзінде бюджет тапшылығы мәселесіне тоқталып, оны толықтыру әдістерінің бірі – салық базасын ұлғайту екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#салық #Салық Кодексі #депутат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Бостандық ауданының әкімі ашық meet-up өткізді

Бүгін 19:00

Сайлауалды науқанда басты назар – еңбек адамы: партиялар мұғалімдерге, дәрігерлерге және өндіріс қызметкерлеріне не ұсынады?

Бүгін 17:29

Арбатта «Сайлау» әуеге көтерілді: Алматы жастары сайлау туралы авторлық әнмен жарқын флешмоб ұсынды

Бүгін 16:47

Тағы 1832 пәтер: Алматыда қоныс тойын тойлайтын тұрғындарға кілт табыстаудың екінші кезеңі өтіп жатыр

Бүгін 13:53

Қостанай облысында еліміздің ең ірі аграрлық іс-шараларының бірі – «Қостанай дала фестивалі – 2026» өтіп жатыр

Бүгін 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);