Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда магистральді көшелерде 45 км сыртқы жарық...

Алматыда магистральді көшелерде 45 км сыртқы жарықтандыру желілері жөнделді

Әлеумет 31.10.2024, 13:06 1,071
Алматыда магистральді көшелерде 45 км сыртқы жарықтандыру желілері жөнделді
Алматы қала Жарық

Алматыда жылдың басынан бері 30 мыңнан астам шам ауыстырылып, 300 км-ден астам кабель тартылды

2024 жылы Алматыда магистральді көшелерде 45 км сыртқы жарықтандыру желілері жөнделді. Жұмыс барысында зақымданған желілер қалпына келтірілді, күйіп кеткен шамдар ауыстырылды, жаңа кабель тартылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Тек қазан айында Достық, Рысқұлов және әл-Фараби даңғылдарында, Керей-Жәнібек хандар, Бұқтырма және Майлин көшелерінде, сондай-ақ Шығыс айналма автомобиль жолында (ШААЖ) 700-ден астам жұмыс істемейтін шам ауыстырылды.

Осы уақытта әл-Фараби даңғылының Розыбакиев, Жароков, Дулати, Сейфуллин, Назарбаев, Достық көшелері және ШААЖ қиылысындағы автомобиль тоннельдері мен көпірлер толық жарықтандырылды. Бұл учаскелерде 220 ескі шам, оның ішінде күйіп кеткендері, жаңа светодиодты прожекторларға ауыстырылды.

«Алматы Қала Жарық» бас инженері Әлмұхамед Жалпақов алматылықтарды сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету жұмыстары тек магистральді көшелерде емес, қаланың барлық жерінде жүргізілуде екендігін атап өтті. Оның айтуынша, көшелердің категориясына қарамастан, жөндеу бригадалары барлық түскен шақыруларға бірдей жылдамдықпен жауап береді.

«Мысалы, жақында Жетісу ауданындағы Кокжиек ықшам ауданында 120 шам, Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде 90 шам, Алатау ауданында Досманов көшесінде 80 жаңа шам орнатылды», - деді Жалпақов.

Жалпы, жылдың басынан бері Алматыда 30 мыңнан астам шам ауыстырылып, 300 км-ден астам кабель тартылды. Қаланың көшелері маңызына қарай үш категорияға бөлінеді. «А» категориясына қалааралық маңызы бар магистральді жолдар мен көшелер (даңғылдар) және олардың бойындағы жаяу жүргіншілер аймақтары жатады. Бұларға Құлжа және Іле тас жолдары, ШААЖ, әл-Фараби, Рысқұлов, Абай, Достық, Назарбаев, Сейфуллин, Абылай хан, Сүйінбай, Майлин, Сайын, Тимирязев, Бұқтырма көшелері және басқалары кіреді.

«Б» категориясына жүк қозғалысына арналған жолдар мен аудандық маңызы бар көшелер жатады. Бұл тізімге Қабанбай батыр, Әуезов, Қонаев, Қалдаяқов, Гагарин, Розыбакиев, Шаляпин, Халиуллин, Мақатаев, Байтұрсынов, Мұстафин, Дулати, Момышұлы және т.б. көшелер мен даңғылдар кіреді.

«В» категориясына жергілікті маңызы бар жолдар мен көшелер, аулалық аумақтар мен ішкі аулалық өтпелер, саябақтар мен бақ объектілері жатады.

Құрылыс нормалары әр категориядағы көшелер үшін жарықтандырудың белгілі көрсеткіштерін қарастырады. Мысалы, «А» категориясындағы объектілерде 15-20 люкс, «Б» категориясында 10-15 люкс, «В» категориясында 5-10 люкс болуы тиіс. АҚЖ осы нормалардың қалада сақталуын қатаң бақылауда ұстайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы қала жарық #жарықтандыру желілері #Көше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Саясат Нұрбекті қабылдады

Бүгін 15:17

Алматыда ЮНИСЕФ-тің патронаждық қызметті дамыту жөніндегі кеңесі өтіп жатыр

Бүгін 14:53

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика