AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «КҮНШУАҚ» жазғы ойын-сауық алаңы ашылды

Алматыда «КҮНШУАҚ» жазғы ойын-сауық алаңы ашылды

Алматы Бүгін 19:09 38 yakiya
Алматыда «КҮНШУАҚ»   жазғы ойын-сауық алаңы ашылды
Самат Құсайынов

Алматыда «КҮНШУАҚ» жазғы ойын-сауық алаңы ашылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Медеу ауданындағы №5 Оқушылар үйінде «Күншуақ» жазғы ойын-сауық алаңы бүгін салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға аудандық білім беру ұйымдарының өкілдері, ата-аналар мен балалар қатысты.

Алғашқы сөз алған Медеу аудандық білім бөлімінің әдіскері Назым Сарсебаева жаз мезгілінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтіп, «Күншуақ» алаңы олардың шығармашылық және тұлғалық дамуына ықпал ететін орта болатынын айтты.

– Сіздерді көптен күткен жаз мезгілінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Жазғы лагерь Сіздерді жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттерге толтырары сөзсіз. Жаңа оқу жылына күш-қуат пен шабыт жинап, демалыстарыңызды пайдалы өткізіңіздер. Жаз маусымы қызыққа толы болсын, – деді ол.

№5 Оқушылар үйінің директоры Сайрагүл Шағатаеваның айтуынша, жазғы лагерьге биыл 1000-ға жуық бала қатысады. Балалармен 20 кәсіби педагог жұмыс істейді.

– Бүгін біз екі маңызды мерекені – Балаларды қорғау күні мен жазғы лагерьдің ашылуын қатар атап өтудеміз. Балалар таңғы сағат 8:30-дан түскі 13:00-ге дейін түрлі үйірмелерге қатысып, өз қызығушылықтарын дамыта алады. Өткен жылы лагерьге 1500 бала қатысқан болатын, – деді директор.

«Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі Жұлдызай Қасен 7–14 жас аралығындағы қыз балаларға жіп пен матадан раушан гүлін жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді. Қатысушылар шығармашылық жұмысқа белсенді қатысып, өз қолдарымен әсем гүл композицияларын әзірледі.

– Үйірмеде төрт топ жұмыс істейді. Қыздарымыз өте ынталы әрі икемді. Мұндай сабақтар балалардың ұсақ моторикасын жетілдіріп, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Болашақта олардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, – деді Жұлдызай Қасен.

Үйірме тәрбиеленушілерінің бірі, 6-сыныпты аяқтаған Еркін Мұхамедамин «Шахмат патшалығы» үйірмесіне қатысады.

– Шахматқа кішкентай кезімнен қызығамын. Үйірмеге қатысып жүргеніме бір жыл болды. Қалалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүрмін. Үйде де жаттығамын. Мұнда келіп білімім мен тәжірибемді жетілдіремін. Шахматта әр қадамыңды ойланып жасасаң, жеңіске жетуге мүмкіндік мол, – дейді ол.

Жазғы лагерьдің ашылу сәтінен-ақ мерекелік көңіл-күй ерекше сезілді. Әсем безендірілген аумақта шахмат ойнап отырған балалар, домбыра тартып, би билеп жүрген өнерпаздар, сурет салып отырған жас суретшілер мен қолдарына ине-жіп ұстап, қолөнермен айналысқан бүлдіршіндер көп болды. Балаларының жетістіктерін тамашалауға келген ата-аналар да жетерлік. Әдемі кеште түрлі аниматорлар қызықты ойындар ұйымдастырып, балаларды күлдіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл көрініс мерекенің шырайын кіргізіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

«Күншуақ» жазғы ойын-сауық алаңының бағдарламасына спорттық жарыстар, танымдық іс-шаралар, шығармашылық шеберханалар мен қызықты экскурсиялар енгізілген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алаң жаз бойы Медеу ауданы балаларының сүйікті демалыс орындарының біріне айналады.

Осылайша, «Күншуақ» алаңы балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуіне, жаңа білім алып, жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Жазғы қызыққа толы күндер енді басталды.

Құралай Жұмәділова

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ойын-сауық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық жеңіл атлеттер жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Бүгін 19:04

Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Бүгін 18:03

Алматылық боксшылар Венгриядағы халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

Бүгін 17:55

Алматыда жүргізушілер LEZ аймағына кірген кезде пилоттық режимде push-хабарлама ала бастайды

Бүгін 16:59

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да госпитальдық фармация бөлімі ашылды

Бүгін 16:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);