Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 20 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
Антициклон сілемі ҚР аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз жылы ауа райын қалыптастырады. Елдің батыс аймақтарында ауа райын оңтүстік циклон шұңқыры анықтайды: жаңбыр жауады. Республика бойынша түнде және таңертең тұман, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшеюі мүмкін деп күтіледі.
Түнде Жетісу облысының орталығында 3 градус үсік жүреді.