ffin.kz

Алматыда кредиттер бойынша берешекті бөліп төлеу кезінде не істеу керек

Алматыда кредиттер бойынша берешекті бөліп төлеу кезінде не істеу керек Сурет: ашық дереккөз

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің директоры Александр Терентьев Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде кредит бойынша мерзімі өтіп кетсе не істеу керектігін, кредиторға қалай және қашан жүгіну керектігін айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



«Несие берушіден пайда болған кешіктіру туралы хабарлама алғаннан кейін, қарыз алушы мерзімі өткен күннен бастап 30 күн ішінде жазбаша өтінішпен немесе шартта жазылған басқа тәсілмен несиені қайта құрылымдау үшін қызмет көрсетілетін қаржы ұйымына жүгінуі керек», - деді А.Терентьев.



Осылайша, өтініште қарыз алушы мыналарды көрсетуі керек:



1. Өз міндеттемелерін орындамау себебін көрсетуі қажет. Қолыңызда қаржылық жағдайыңыздың нашарлауын растайтын құжаттар болуы маңызды.


2. Міндеттемелерді орындау бойынша өз нұсқаларын көрсетуі қажет. 



Заңнамаға сәйкес қарыз шарты талаптарына өзгерістер енгізу: қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуді; негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруды; берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгертуді; қарыз мерзімін өзгертуді; мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны, айыпақыны (айыппұл, өсімпұл), комиссияларды және банктік қарызға қызмет көрсетуге байланысты өзге де төлемдерді жоюды кешіруді; кепіл берушінің ипотека мәні болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізуін; банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) кепіл мүлкін беру жолымен қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту төлемін беруді; сатып алушыға қарыз шарты бойынша міндеттемелерді бере отырып, ипотека мәні болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуді көздейді.


Банк өтінішті қабылдауға, тіркеуге және қарауға міндетті. Күнтізбелік 15 күн ішінде:



- шарт талаптарына сіз ұсынған өзгерістерді қабылдай отырып, келісуге; 
- шарт талаптарын өзгерту бойынша өз нұсқаларын ұсынуға; 
- бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып бас тартатындығы туралы жауап беруге міндетті.



Сонымен бірге, А.Терентьев қарыз алушы шартқа өзгерістер енгізу туралы өтінішпен кредиторға жүгіне алатын жекелеген жағдайларды атап өтті.



- қарыз алушыны жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркеу;
- ХӘОТ не атаулы әлеуметтік көмек алушыға жатқызу;
- қарыз алушының ауруға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы;
- қарыз алушының бала күтімі бойынша демалысқа шығуы;
- қарыз алушыны мерзімді әскери қызметке шақыру;
- қосымша шығыстарға әкелетін қарыз алушының жақын туысының, жұбайының (зайыбының) ауруына, қайтыс болуына байланысты отбасылық мән-жайлар бойынша;
- қарыз алушыға материалдық залал келтіру (ұрлық, өрт, су басу және т.б.);
- өзге де жағдайлар, оның ішінде банктің ішкі құжаттарында көзделген жағдайлар.


«Жағдайлар тізбесі әрбір кредитордың ішкі кредит саясатына байланысты болып келетін қолданыстағы талаптарда шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін еместігіне әсер еткен жағдайға байланысты толықтырылуы мүмкін», - деп толықтырды ол. 



Осылайша, қарыз алушы кредиторға өзінің қаржылық және әлеуметтік жағдайы туралы ақпаратты өзі ұсынуы, кірісінің азайғаны не жоқ екендігі, өз міндеттемелерін толық көлемде орындауға мүмкіндік бермеу фактісін құжатпен растауы тиіс.  Сұратылған құжаттарды ұсынбау қарыз алушының өтінішін қараусыз қалдыруға негіз болып табылады.


Жасалған қарыз шартының талаптарына өзгерістерді мақұлдау жөніндегі шешімді кредитордың уәкілетті органы қарыз алушы ұсынған шарттың қолданыстағы талаптарында міндеттемелерді орындау және оның төлем қабілеттілігін бағалау мүмкіндігін растайтын құжаттарды қарау нәтижелері бойынша қабылдайды. 



«Шарттың талаптарына өзгерістер енгізу кредитор осындай шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жүзеге асырылады.
Егер қарыз алушы банкпен немесе МҚҰ-мен келісімге қол жеткізбеген жағдайда, ол Агенттікке жүгінуге құқылы.  Бұл ретте өзінің банкке жүгінгенін және өзара тиімді шешімге қол жеткізбегенін міндетті түрде растауы тиіс. Агенттік өтініш негізінде өз өкілеттігі шеңберінде кредиторға қатысты құжаттамалық тексеруге бастама жасайды және тексеру іс-шаралары аяқталғаннан кейін банктің іс-әрекетін бағалауды ұсынады», - деп түсіндірді А.Терентьев.  



Сөз соңында спикер несиені өтеуде қиындықтарға тап болған қарыз алушыларға жүгінді. Бұл жағдайда міндетті түрде банкке немесе МҚҰ-ға хабарласып, өтініш жазу қажет. Қарыз алушы мерзімі өткен берешекті реттеу бойынша шараларды неғұрлым ертерек қабылдаса, соғұрлым тезірек берешекті өтеудің өзара қолайлы нұсқасы табылатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32