AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда креативті индустрия көлемі 672 млрд теңге...

Алматыда креативті индустрия көлемі 672 млрд теңгеге жетті

Алматы Бүгін 14:09 47
Алматыда креативті индустрия көлемі 672 млрд теңгеге жетті

2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда креативті индустрия саласында 21,5 мың кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Саланың жалпы қосылған құны 672 млрд теңгеге жетіп, бюджетке 49,4 млрд теңге салық түсті. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 4,5 есе артып, 65 млрд теңге болды. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Креативті индустрия музыка, кино, дизайн, сән, сәулет, медиа, цифрлық контент және іс-шаралар салаларын қамтиды. Басқарма мәліметінше, саланың экономикалық көрсеткіштерімен қатар, қаладағы мәдени кеңістіктер мен ірі шығармашылық жобалардың саны да артып келеді.

2025 жылы қыркүйекте Алматыда аумағы 10 мың шаршы метрден асатын Almaty Museum of Arts ашылды. Сондай-ақ «Целинный» заманауи мәдениет орталығы жұмысын бастады. Шаһарда халықаралық деңгейдегі концерттер мен фестивальдер де өткізіліп келеді.

Креативті индустрия саласындағы алдағы маңызды шаралардың бірі – 11 қарашада Almaty Arena-да өтетін THE ICONIC CREATOR AWARDS 2026. Биыл премия алғаш рет Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның креативті индустрия өкілдерін бір алаңда тоғыстырады.

Алматыда авторлар, артистер, режиссерлер, дизайнерлер, кәсіпкерлер, продюсерлер, сәулетшілер, медиа және digital-индустрия өкілдері бас қосады. Сыйлық музыка, кино және бейнелеу өнерінен бастап сәулет, ойын индустриясы мен креативті технологияға дейін 15 бағытты қамтиды. Барлығы 100 негізгі және тоғыз арнайы марапат табысталады.

Креативті индустрия саласындағы ірі халықаралық іс-шараларды өткізу Алматыдағы оқиғалы туризмді дамытудың маңызды бағыттарының бірі ретінде де қарастырылып отыр. Мұндай іс-шаралар қалаға шетелден қатысушылар мен қонақтарды тартып, Орталық Азияның креативті индустрия өкілдері арасында жаңа серіктестік орнатуға жол ашады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Креативті индустрия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы бірлескен мәлімдеме

Бүгін 15:01

9 қазаннан бастап Алматыда тұрғын үйлерге орталық жылу беріле бастайды

Бүгін 14:52

Алматының Медеу ауданында жасыл аймақты суару үшін балама су көзіне көшті

Бүгін 14:45

Алматының Медеу ауданында көшкін қаупі бар 18 жерді қорғауды қолға алды

Бүгін 14:05

Ұлттық ұланның 5449 әскери бөліміне 60 жыл толды.

Бүгін 13:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);