Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда коронавирустың «дельта» штамының өсуіне қ...

Алматыда коронавирустың «дельта» штамының өсуіне қарамастан банкеттер мен кештер ұйымдастырылуда

Әлеумет 03.07.2021, 10:46 1,776
Алматыда коронавирустың «дельта» штамының өсуіне қарамастан банкеттер мен кештер ұйымдастырылуда
Сурет: Neonomad.kz

Мониторинг тобы 3 шілдеге қараған түні көңіл көтеретін орындарда карантин тәртібін бұзған 14 жағдайды анықтады.


Алматының мониторинг топтары 3 шілдеге қараған түні көңіл көтеретін орындарда карантин тәртібін бұзған 14 жағдайды анықтады, деп хабарлайды Almaty-ashamy.kz.


Мәселен, Медеу ауданының мониторинг топтары Laureate караокесінде 100-ге жуық келуші болғанын, осылайша карантиндік шектеулердің бұзылғанын анықтады. Караоке іші тар, әлеуметтік арақашықтық сақталмаған, келушілер карантиндік шектеулерді елемеген.


Қала тұрғындары мен қонақтары санитарлық дәрігерлердің ұсынымдары мен ережелерін елемей, той өткізуде. Мысалы, 2 шілдеден 3 шілдеге қараған түні «Атмосфера» барында 150 қонақ қатысқан салтанатты шара өткізілген. Бұл факт бойынша аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына беру үшін әкімшілік материал жиналды.


Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде атап өткендей, алдын алу шараларын жаппай елемеудің салдарынан коронавирустың жаңа штамдары өрши түсті, сондықтан қазіргі кезде сақтану шараларын қатаң ұстанған жөн. Алматыда адамдардың көпшілік және жабық көңіл көтеретін орындарға, тойларға және басқа да мерекелік шараларға баруы жалғасуда.


Айта кетерлігі, коронавирус дерті қалада екі еседен де асып түсті. Мегаполисте дерт жұқтырған 56 мың адам тіркелді, олардың 4573-і - маусым айында ауырғандар. 2 шілдеде тағы 385 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 2021 жылдың бірінші жартысында дерт өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 есеге артқан.


Алматының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Ж. Бекшин тойлардың, түрлі бұқаралық шаралар мен басқосулардың инфекцияны жұқтырудың негізгі ошағына айналғанын айтты. Өйткені, инфекцияның 55%-ы қоғамдық орындарда, мейрамханалар, караоке және түнгі клубтарда жұғуда.


Қазіргі кезде профилактикалық шараларды сақтау өте маңызды, өйткені «дельта» штамының айналымы жедел, бұл инфекцияны, әсіресе, жастар тез жұқтыруда. Сондықтан сақтық шараларына ерекше мән беру керек. Жалпы, коронавирус инфекциясын жұқтыратындардың басым бөлігі 20-39 жастағы (37,6%) және 40-59 жастағы (23,2%) қала тұрғындары. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, КВИ-ді жұқтыруға қоғамның белсенді бөлігі өте бейім.


Дәрігерлер мен санитарлық дәрігерлер қала тұрғындарын белгіленген ережелерді міндетті түрде сақтауға шақырады, олардың бұзылуы қауіпті вирустың таралуына әкеледі. Дерттің алдын алудың бір ғана жолы бар, ол - вакцина салдыру.


Бұрын хабарланғандай, 1 қаңтардан 29 маусым аралығында мониторинг топтары 27800-ден астам нысанды тексерді, оның 2463-інде заң бұзушылықтар анықталды. 4581 хаттама толтырылып, оның ішінде заңды тұлғаларға 155 млн теңгеге 442 айыппұл салынды. Жеке тұлғаларға бетперде режимін бұзғаны үшін 181,5 млн теңгеге 4139 хаттама жазылды.


Айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікпен қатар, соттардың шешімі бойынша қызметті тоқтата тұру түрінде қатаң шаралар да қолданылуда. Ағымдағы жылы сотқа 75 материал жіберілді, оның 64-і бойынша шешім қабылданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #Казахстан #COVID-19
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика