Амбулаторлық жағдайда емделетін науқастардың өзін-өзі оқшаулауына ерекше назар аудару қажет.
22 тамыздағы жағдай бойынша, мегаполисте 33,6 мың коронавирус инфекциясының оқиғасы тіркелді. Жыл басынан бері жұқтырудың 115 мың жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Алматыда КВИ таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб отырысының барысында хабарланғандай, өткен аптада КВИ тіркеуі 10,5 мыңнан 10,9 мың жағдайға дейін өсті. Сонымен қатар, симптомды аурулардың үлесінің артуы байқалды, ол соңғы аптада 94,2%-ды құрады.
Бүгінде ковидтік стационарларда 6 602 адам жатыр, оның 182-сі балалар. 300-ге жуық науқастың жағдайы өте ауыр, тағы 464-і реанимацияда, 2511-інің халі нашар.
Соңғы екі аптадағы жас құрамына талдау көрсеткендей, бұрынғыдай 20-39 жас аралығындағы халықтың белсенді топтары арасында дерттің жоғары екені тіркелген - 33,5%, 40-59 жас арасында - 25,2%, 60 жастан асқандар арасында - 23, 1%. Қалған 18% - балалар мен жасөспірімдер.
Коронавирустың таралуына әсер ететін факторлар – туыстармен, достармен және жұмыстағы байланыстар. Бүгінде Алматыда КВИ инфекциясын жұқтыратын бес орын анықталған, олар мыналар: сауда объектілері - 32%, отбасылық байланыс - 16%, қоғамдық көліктер - 17,1%, базарлар - 13%.
Бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, құқық бұзушылық азаймай отыр. Кейбір Алматы тұрғындары барлық талаптарды елемей, түрлі мерекелер ұйымдастырып, бұқаралық шаралар өткізеді. Осылайша, қала тұрғындары өздерінің денсаулығына ғана емес, жақындарының денсаулығына да қауіп төндіруде.
Амбулаторлық емделетін науқастардың өзін-өзі оқшаулауына ерекше назар аудару қажет. Дерт жұқтырған 143 030 науқас мобильді бригада мен телемедицина орталығының бақылауында. Оның 13 769-ы жеңіл және орташа ауырлықта, 534-і симптомсыз. Бұл ретте 8735 науқас ересек тұрғындар, 60 жастан асқандар - 2952 адам, балалар - 2616.
Ashyq жобасы бойынша адамдар көп шоғырланатын орындардағы науқастарды анықтау жалғасуда. 6-11 тамыз аралығында Ashyq жобасы арқылы жұмыс істейтін кәсіпкерлік объектілердің кіреберісінде сканерлеу нәтижесінде 1335 тұрғынның қызыл, 100-і сары мәртебелері расталды.
Атап айтқанда, сауда және ойын-сауық орталықтарына барған кезде "қызыл" мәртебелі - 269, "сары" мәртебелі 31 тұрғын анықталды. Базарларда 146 "қызыл", 12 "сары" мәртебелі адамдар расталды. Қоғамдық тамақтану орындарына "қызыл" мәртебелі 293, "сары" мәртебелі 22 адам келген.
6-20 тамыз аралығында "қызыл" мәртебелі 156 адамға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Алматы қаласында 27 сәуір мен 20 тамыз аралығында "қызыл" мәртебелі 543 жеке тұлғаға өзін оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.