Алматы мемлекеттік бизнес колледжі «Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі және «Есеп және қаржы» пәндік-циклдік комиссиясының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында «XXI бухгалтер: Мамандығым – мақтанышым» атты қалалық байқау өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Байқау 2026 жылдың 13 наурызында ұйымдастырылып, оған Алматы қаласы мен басқа облыстардағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатыса алады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – «1С: Бухгалтерия 8.3» бағдарламасы бойынша практикалық дағдыларды дамыту, WorldSkills стандарттарын енгізу және тәжірибеге бағытталған оқытуды жетілдіру арқылы студенттердің кәсіби даярлық деңгейін арттыру.
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар «Визиттік карточка» тапсырмасы арқылы өзін жасанды интеллект көмегімен таныстырады. Екінші кезеңде «Өндірістік жағдайлар» тапсырмасы бойынша «1С: Бухгалтерия 8.3» бағдарламасында практикалық тапсырмалар орындайды.
Практикалық бөлімде қатысушылар нормативтік-анықтамалық ақпаратпен жұмыс, шаруашылық операцияларды жүргізу, еңбекақы мен кадрлық есеп жүргізу және кейс-тапсырмаларды шешу бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсетеді.
Байқауға қатысу үшін өтінімдерді 2026 жылдың 10 наурызына дейін электронды пошта арқылы жіберу қажет. Қатысушыларды тіркеу бойынша жауапты тұлғалар:
Данагүл Чайнусипова – danagul8305@mail.ru, тел.: 8 778 378 61 22
Анар Серіккулова – anka_2406@mail.ru, тел.: 8 707 540 60 94
Іс-шара Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде өтеді. Мекенжайы: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 95.