Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда колледж студенттері арасында «BilimHack...

Алматыда колледж студенттері арасында «BilimHack Almaty-2026» қалалық хакатоны аяқталды

Білім және ғылым 27.02.2026, 11:26 199
Алматыда колледж студенттері арасында  «BilimHack Almaty-2026» қалалық хакатоны аяқталды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында 25–26 ақпан күндері 72 команда мен қала колледждерінің 200-ден астам студентін біріктірген «BilimHack Almaty-2026» қалалық студенттік хакатоны өтті.

Іс-шараны Алматы қаласы Білім басқармасы ұйымдастырып, жастардың цифрлық құзыреттерін дамытуға, қолданбалы инновацияларды қолдауға және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында заманауи кәсіби дағдыларды қалыптастыруға бағытталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
 
Хакатон өткізу бастамасы өткен жылы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қолға алынып, қолданбалы мамандықтардың беделін арттыруға, жастар арасында инженерлік және технологиялық ойлауды дамытуға, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарын цифрлық экономикаға кіріктіруге бағытталды. Жобаны практикалық іске асыру Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылды.
 
Хакатонның негізгі мақсаты — колледж студенттері нақты міндеттерді шешу барысында кәсіби білімдерін қолдана алатын, пәнаралық командалар құрамында жұмыс істеп, заманауи экономикада сұранысқа ие технологиялық шешімдер әзірлейтін практикалық алаң қалыптастыру. Хакатон форматы білім беру, бизнес және IT-қоғамдастықты біріктіріп, теориялық оқытудан жобалық және кәсіпкерлік қызметке көшуге мүмкіндік береді.
 
Екі күн бойы қатысушылар білім беру ортасын жетілдіруге, кәсіптік бағдар беру сервистерін дамытуға, инклюзивті платформалар құруға және оқу процесіне жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағытталған цифрлық жобаларын таныстырды. Жұмыс қарқынды командалық әзірлеу форматында өтіп, студенттерге алған білімдерін тәжірибеде қолдануға және IT-индустрияның нақты жағдайларына жақын жобалық жұмыс тәжірибесін игеруге мүмкіндік берді.
 
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша сарапшылар алқасы технологиялық тұрғыдан жан-жақты әзірленген әрі әрі қарай енгізуге өзекті деп танылған 40 команданы анықтады. Финалдық жобаларды қорғау 26 ақпанда өтті. Қатысушылар өз әзірлемелерін IT-индустрия мен технологиялық бизнес өкілдерінен құралған сарапшыларға ұсынды. Жобалар инновация деңгейі, техникалық іске асырылуы, практикалық қолданылуы және ауқымдау әлеуеті критерийлері бойынша бағаланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #колледж студенттері #Хакатон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Бүгін 16:05

Дархан Сатыбалды Алматыда инженерлік желілерді жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды

Бүгін 15:48

Қызылордада өрт кезінде 5 адам құтқарылды

Бүгін 15:31

ҚазҰУ-да инклюзив үстелүсті чемпионаты өтті

Бүгін 15:11

36 жоба, 226 жұмыс орны: Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлікке қолдау күшейіп келеді

Бүгін 15:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика