AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда колледждердің оқу жабдықтары жаңаруда

Алматыда колледждердің оқу жабдықтары жаңаруда

Әлеумет 25.08.2021, 12:10 902
Алматыда колледждердің оқу жабдықтары жаңаруда
Сурет: Newtimes.kz

82 колледждің  68 мыңнан астам студенттері дәстүрлі білім беру форматына оралады.


«Алматы мектептері постковидтік кезеңде: Білім сапасы, балалардың денсаулығы және отбасының рөлі» атты онлайн-форум барысында мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін дамыту шаралары туралы  айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жаңа оқу жылында 82 колледждің  68 мыңнан астам студенттері дәстүрлі білім беру форматына оралады. ТжКБ ұйымдарында мектептердікіне ұқсас санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің профилактикалық шаралары қабылданды, барлық колледждер,  студенттер тұратын жатақханалар Ashyq жобасына қосылған.


Биыл «Жас маман» жобасы аясында ТжКБ ұйымдарды заманауи құрылғылармен материалдық-техникалық жабдықтау жалғасатын болады.



«Егер өткен оқу жылында 8 колледж заманауи қондырғылармен жабдықталған болса, биыл біз тағы 10 колледжді қамтамасыз етеміз. Өткен жылғы жұмыс тәжірибесіне сәйкес, жаңа зертханалар, шеберханалар ұйымдастырылады, студенттер бұларда практикадан өтіп, алған білімдерін іс жүзінде пайдаланатын болады», - деді Бақытжан Сағынтаев.



Қала әкімі Білім басқармасына мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмысын жақсартуды, бұл мәселені шешуге жұмыс беруші кәсіпорындарды кеңінен тартуды,  колледждердегі Құзыреттілік орталықтарының жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#колледж #Алматы #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Кеше 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Кеше 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Кеше 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Кеше 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Кеше 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика