ffin.kz

Алматыда кітапхана ашылды

Алматыда кітапхана ашылды Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның дипломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығына орай, Корея халықаралық мәдени алмасу агенттігі мен корейлік қаржы тобы - «Shinhan Card»  компаниясымен бірлесіп Қазақстандағы «КИМЭП» университетінде шағын корей кітапханасын ашты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Бұл мәдени және білім жобасы екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына байланысты ұйымдастырылып отыр. Университет қабырғасында кітапхананың ашылуы салтанатты түрде өтті.


Екі ұйым КИМЭП университетіндегі кітапханаға арналған орынды жөндеп, кітап тұратын жаңа шкаф, жаңа үстел және орындықтармен қамтамасыз етті. Кітапхана іші корейлік дизайнмен жасалған. Корей әдебиетінің аудармалары, корей тілін үйренуге арналған кітаптарды сыйға тартты. Сыйға тарқан кітап саны 1500 дана.  Алдағы уақытты жаңа корейлік кітапхана жастардың игілігіне жұмыс жасайды. Кітапханаға корей тілінде «арым ин» деген ат берілді. Мағынасы «әдемі адам» деген сөз. Яғни, кітап оқыған адамдар рухани әдемі жандар деген сөз. Кітапхана ішіндегі кітаптар ағылшын және корей тілінде басылып шыққан кітаптар. Барлығы дерлік соңғы кезде жарық көрген жаңа кітаптар. Мысалы, атап айтсақ, корей тарихы,  мәдениеті, өнері, тілі және соңғы әлемдік «халлю феномені» деген атпен көпшілікке жақын таныс «K-POP»  және «K-Drama» туралы кітаптар да бар. Студенттер ағылшын және корей тіліндегі осы кітаптарды оқи алады. Сонымен  қатар, болашақта жиналып, аумағы шағын кітапхана ішінде түрлі мәдени шаралар мен кездесулер де өткізе алады. «Кітап маған тақтан да қымбат» деп Уильям Шекспир айтпақшы, кітапханадағы әрбір бағалы кітап студенттерге пайдалы ақпарат береді деп үміттенеміз.



Ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген директор Чон Гил-Хва: «Кітапхананың ашылуы – КИМЭП университетіндегі көрнекті жас таланттар үшін болашаққа бағытталған инвестиция», - деді.




Одан басқа «Shinhan Card»-тың бас директор Донг-Гвон Мун мырза, КИМЭП университетінің президенті доктор Чан Йан Бэнг  мырза және бірқатар құрметті қонақтар сөз сөйледі.


Қазіргі кезде Қазақстан аумағында 120 000-ға жуық жергілікті кәрістер тұрады. Қазақстанның 14 университеті, мәдени және оқу орталықтарында корей тілі үйретіледі. Қазақстан корей тілі бойынша ТМД елдері арасында Ресейден кейінгі екінші орында.


Атап айтқанда, корейлік доктор Чан Йан Бэнг құрған КИМЭП университеті Қазақстандағы американдық үлгідегі оқу жүйесі мен ағылшын тілінде білім беруді енгізген алғашқы университет. Сонымен қатар Орталық Азиядағы ең үздік оқу орындарының бірі болып саналады. Президенті Чан Йан Бэнг мырза да кәріс ұлтының өкілі. Осы жолы аталмыш оқу орнында корей кітапханасының ашылып, көрнекті оқу орнының студенттеріне корей мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік жасалды.



Өткен 2021 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік ресми сапары болды. Сонымен қатар, президент Сеул қаласындағы белгілі оқу орындарының бірінің аумағына Абай Құнанбайұлына орнатылған бюстің ресми ашылуы рәсіміне қатысты. Осы сапар барысында екі елдің басшылары «Корея мен Қазақстан өзара мәдени алмасу жылын» жариялады. Ол 2022 жылдан 2023 жылға дейін жоспарланған. Сол себепті 2022 жылдан бастап мәдени салада екі жылға арналған «Корея мен Қазақстан өзара мәдени алмасу жылы» жобасы жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.


Биылғы жылы мәдени жобалар жылдың соңына дейін бес салада жүргізіледі. Мысалы, бейнеконтент өндірісі, жас суретшілер, анимация, бейнелеу өнері және дәстүрлі мәдениет. Бейнеконтентке келетін болсақ, Корея ұлттық өнер университеті мен Қазақстан қоғамдық өнер мектебінің студенттері деректі фильмдерді бірлесіп түсіруде, ал жас суретшілер Корея театрымен және ұлттық театрымен іскерлік келісімдерді алға жылжытуда.


Алматы мен Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласы – бауырлас қалалар. Осыдан 32 жыл бұрын Азияның әйгілі екі қаласы байланыс орнатып, бауырластық байланыс жөніндегі келісімге 1991 жылы қол қойды. Көріп отырғандарыңыздай, Алматы корей елінің қалаларымен де тарихи байланысы бар қала. Алатаудың бауырындағы осындай әдемі шаһарда жаңа кітапхананың ашылуы Алматыдай қала жастары үшін өте маңызды жобаның бірі. Қаланың білім қуған жас тұрғындары бос уақытында серіктес елдердің мәдениетімен таныса алады. Осы айдың 1-ші күнінен бастап студент жастар үшін университет қабырғасындағы кітапхананың есігі әрдайым ашық.


 


 


         Дастан Ақаш шығыстанушы-корейтанушы, мемлекеттік басқару мен халықаралық қарым-қатынас маманы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:25

19:56

19:43

19:29

19:10

18:45

18:38

18:29

18:09

17:45

17:44

17:30

17:22

17:19

17:09

16:37

16:27

16:08

16:01

15:50

15:49

15:28

14:35

14:06

13:35