AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда кімдердің донор бола алатыны айтылды

Алматыда кімдердің донор бола алатыны айтылды

Медицина 20.01.2023, 06:15 1,854
Алматыда кімдердің донор бола алатыны айтылды
almaty-akshamy.kz

Өңірлік коммуникациялар алаңында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалалық қан орталығының директоры Жандос Нәдіровтың қатысумен брифинг өтті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.
 
Спикердің айтуынша, бүгінде әлемдік тәжірибеде қан донорлығы мен оның компоненттерін дамытудың бірыңғай стандарты қабылданған – бұл қан мен оның компоненттерінің өтеусіз донорлығын дамыту.



«Донор сөзі латын тілінен аударғанда сыйлаушы, яғни қайтарымсыз дегенді білдіреді. Қан донорлығын насихаттау мақсатында ДДҰ 2005 жылы 14 маусым – Дүниежүзілік қан доноры күнін бекітті. Бұл күні бүкіл әлемде қан тапсырушыларға құрмет көрсетіледі. Осы уақытқа дейін әлемде донорлық қан мен оның компоненттерінің аналогы мен алмастырғыштары жоқ, сондықтан донорлық қан мен оның компоненттерінің көзі адам болып отыр», - дейді Ж.Нәдіров.



 
Донорлық бірнеше түрге бөлінеді. ҚР-да оның келесі түрлері бар: 
 
- 450 мл көлемінде толық қан тапсыру.
- аппараттық әдіспен 400-600 мл көлемінде қан плазмасын тапсыру.
 
Қан жасушаларының донорлығы:


Аппараттық тромбоцитферез – көлемі 200-300 мл болатындай 2*106-дан 8*106-ға дейінгі жасушалардың санында донорлық тромбоциттерді тапсыру.
Аппараттық эритроциттеферез – 200-ден 500 мл-ге дейін донорлық эритроциттерді, эритроциттерді тапсыру.
Донорлықтың түрі мен мөлшерін қан орталығының дәрігері донордың өтініші бойынша емес, ауруханалардың қажеттіліктерін, қан банкінің жағдайын және донордың физикалық мүмкіндіктерін ескере отырып анықтайтынын білу маңызды. 


Статистикаға сәйкес, ең сұранысқа ие, қажет боп жататын қан топтары -  оң резус факторлы бірінші және екінші қан топтары. Ең сирек кездесетін қан түрлері – теріс резус факторлық барлық қан топтары.



«2020-2021 жылдардағы пандемия кезеңінде медициналық ұйымдарда жоспарлы медициналық көмек көрсетуден бас тартуға және оларды COVID-стационарларға қайта бейіндеуге байланысты донорлық 10%-ға төмендеді. 2022 жылы жағдай керісінше өзгерді, қан компоненттерін тұтынудың 10%-ға артуы байқалады, соған байланысты донорлықтың да дәл осындай 10%-ға артуы байқалды», - деді Ж.Нәдіров.



Мәселен, Алматы қалалық қан орталығының 2021 жылғы статистикалық деректері бойынша қан және оның компоненттерін тапсыру саны 16 961 болса, 2022 жылы донорлар саны 18 516-ға жеткен. Пайыздық көрсеткіште 8-9 пайызға өскен.


Донорларды қабылдау кестесі: дүйсенбіден сенбіге дейін 9.00-ден 15.00-ге дейін.
Байланыс телефондары: қабылдау бөлімі 8 727 338 23 82, жалпы 8 727 338 23 81.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #донор #нәдіров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге артады

Бүгін 19:52

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Бүгін 17:55

Референдум-2026: ТМД миссиясы дауыс берудің ашықтығы мен айқындығын растады

Бүгін 17:40

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

Бүгін 17:36

Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика