AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жүрегі мейірімге толы, ісі көпке үлгілі ұстаз

Жүрегі мейірімге толы, ісі көпке үлгілі ұстаз

Білім және ғылым Бүгін 12:24 75
Жүрегі мейірімге толы, ісі көпке үлгілі ұстаз

«Ұстаздық – тек мамандық емес, ол –адам жанының инженері болу, жас шыбықты мәуелі бәйтерекке айналдыру» деген тәмсіл бар. Осынау қасиетті де жауапты миссияны зор абыроймен атқарып, шәкірт жүрегінен жол тауып жүрген білікті маман –Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округіне қарасты Көкөзек жайлы мектебінің мақтанышы Сарыбаева Индира Махмұдқызы.

Қазан айының басында атап өтілетін айтулы мереке – Ұстаздар күні қарсаңында, өз баламның сынып жетекшісі, жүрегі мейірімге толы осынау ардақты жан туралы ерекше ілтипатпен тілге тиек еткім келеді.

Индира Махмұдқызының бала оқыту мен тәрбиелеудегі өзіндік қолтаңбасы бүгінде көпке үлгі. Әсіресе, оның бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеудегі ерекше әдістемесі, тәртіп пен тәрбиеге деген талапшылдығы бізді, ата-аналарды, әрдайым тәнті етеді. Ол әр сабақты қызықты әрі мазмұнды өткізе отырып, баланың білімге деген құштарлығын оята білді.

Ол – шәкірттерін тек біліммен сусындатып қана қоймай, олардың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына баса назар аударатын нағыз тәлімгер. Өзі жетекшілік ететін 4-сынып оқушылары бүгінге дейін түрлі зияткерлік олимпиадаларда, білім сайыстары мен спорттық жарыстарда әрдайым алдыңғы шептен көрініп келеді. Сыныптың әрбір баласының бойындағы талантты уақытылы байқап, оны шыңдай білу – Индира Махмұдқызының кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі. Баламның мектепке үлкен қуанышпен барып, білім мен спортқа бірдей құштар болып өсуі тікелей осы ұстаздың қажырлы еңбегінің жемісі.

Ұстаздың ең басты қасиеті бала психологиясын терең түсініп, олардың тілін таба білуінде. Соның арқасында оқушылар ұстаздарын құрметтеп қана қоймай, оны шын жүректен жақсы көреді. Екінші бір қыры — ата-аналармен тығыз және жылы қарым-қатынас орната білуі. Баланы тәрбиелеуде мектеп пен отбасы арасындағы алтын көпір бола білген ұстаз әрқашан біздің пікірімізді тыңдап, ортақ тіл табысады. Осындай сыйластықтың арқасында сыныбымызда өте жайлы, берекелі атмосфера қалыптасқан.

«Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» дейді дана халқымыз. Тәртіп пен тәрбиені, терең білімді қатар ұштастыра білген Индира Махмұдқызы – бүгінгі күннің нағыз заманауи, мықты маманы. Қажырлы еңбегіңіз үшін Сізге мың алғыс, ұстаз!

Еңлік АҚЖІГІТ, ата-ана

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұстаз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Медеу ауданында жеке секторды газдандыру және экологиялық мәселелер талқыланды

Бүгін 12:27

Алматыда «Таза қалаға 15 секунд арнаңыз» флешмобы басталады

Бүгін 11:33

«Жасыл даму» АҚ-мен серіктестік аясында Sparklo фандоматтары арқылы 5 миллионнан астам бөтелке мен банка жиналды

Бүгін 11:25

Алматылық спортшы Дамир Тоқтаров Азия ойындарында тарихи қола жүлде иеленді

Бүгін 11:21

Алматының қуыршақ театры республикалық фестивальде үздік атанды

Бүгін 10:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);