AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Таза қалаға 15 секунд арнаңыз» флешмобы...

Алматыда «Таза қалаға 15 секунд арнаңыз» флешмобы басталады

Алматы Бүгін 11:33 39
Алматыда «Таза қалаға 15 секунд арнаңыз» флешмобы басталады

Алматыда «Таза Сана» қалалық экологиялық бастамасы аясында «Таза қалаға 15 секунд арнаңыз» атты флешмоб басталады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қала тұрғындарына қысқа видео түсіріп, қаланың тазалығы мен экологиялық әл-ауқатын сақтауға өздерінің қандай үлес қосып жүргенін көрсетуді ұсынамыз.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «Таза Сана» жобасының кураторы Наргиза Қабдоллаева осылай деп мәлімдеді.

Қатысу форматында ұзақтығы 15 секундқа дейінгі видеода қаланың тазалығына қосып жүрген үлесіңізді көрсетуіңіз керек. Бұған үйдің ауласын тазалау, қалдықты сұрыптау, қайта өңдеуге жарамды заттарды тапсыру, көгалдандыру нысанына күтім жасау, экологиялық акцияға қатысу, бір реттік пластиктен бас тарту, табиғат аясындағы демалыстан кейін қоқысты жинау сияқты қоршаған ортаға пайдасы тиетін кез келген бастама кіреді.

«Біз Алматыны тұрғындардың көзімен көргіміз келеді. Күн сайын қаншама адам қалаға пайдасы тиетін тірлік істеп жатыр. Біреуі ауласын жинайды, енді бірі қалдықты сұрыптайды, біреу ағаштарды күтіп-баптайды, экологиялық акцияға қатысады. Енді осының бәрін небәрі 15 секундта көрсетіп, өзгелерге де үлгі болуға шақырамыз», – дейді Наргиза Қабдоллаева.

Қалай қатысуға болады?

Флешмобқа қатысу үшін:

1. Ұзақтығы 15 секундқа дейінгі видео түсіріп, өзіңіздің экологиялық үлесіңізді көрсетіңіз.

2. Видеоны Instagram-да #15СекундДляАлматы мен #ВместеЧистоAlmaty хэштегтерімен жариялаңыз.

3. Жобаның ресми @taza_sana.almaty аккаунтын белгілеңіз.

4. Жобаның аккаунтына жарияланымға бірлескен автор болуды ұсыныңыз.

5. Жарияланған видеоны «Таза Сана» Telegram-арнасына – @tazasanabattle жіберіңіз.

Флешмобтың қорытындысында ең үздік 10 бейнероликті таңдап, олардың авторына сыйлық табыс етеді.

Жеңімпаздарды анықтау кезінде роликтің идеясы мен бірегейлігі, көрсетілген экологиялық әрекеттің шынайылығы, сондай-ақ қатысушының қала тазалығына қосқан үлесін қаншалықты нанымды көрсете алғаны ескеріледі.

Ұйымдастырушылар флешмобқа қатысу үшін блогер не видео түсіретін кәсіби маман болу міндетті емес екенін айтты. Ең бастысы – өзіңіздің ниеттеніп істеп жүрген ісіңізді өзгеге көрсетіп, жақсы нәрсені жұғысты қылу.

Қалалық «Эко-батл» жалғасып жатыр

«Таза Сана» жобасы аясында Алматының сегіз ауданы арасындағы қалалық «Эко-батл» да жалғасып жатыр.

15 қазанға дейін тұрғындар өз ауданын қолдап, tazasanabattle.kz сайтында дауыс бере алады.

Ұйымдастырушылар алматылықтарды ауқымды экологиялық акцияға қатысып қана қоймай, қоқысты шашпау, қалдықты сұрыптау, аула аумақтарына, жасыл желек пен қоғамдық кеңістіктерге ұқыпты қарау сияқты күнделікті істейтін әдетіне де мән беруге шақырып отыр.

«Таза қалаға 15 секунд арнаңыз» флешмобы Алматының тазалығына әр тұрғынның үлес қоса алатынын көрсетуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#флешмоб
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Жасыл даму» АҚ-мен серіктестік аясында Sparklo фандоматтары арқылы 5 миллионнан астам бөтелке мен банка жиналды

Бүгін 11:25

Алматылық спортшы Дамир Тоқтаров Азия ойындарында тарихи қола жүлде иеленді

Бүгін 11:21

Алматының қуыршақ театры республикалық фестивальде үздік атанды

Бүгін 10:47

«Әділет» партиясы еліміздің барлық өңірінде «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» фестивалін өткізіп жатыр

Бүгін 10:11

Алматыда заңсыз нысандармен күрес жалғасып жатыр: дүкен бұзылды

Бүгін 09:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);