AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда кімдер АӘК алады? 

Алматыда кімдер АӘК алады? 

Әлеумет 31.08.2021, 14:45 1,381
Алматыда кімдер АӘК алады? 
https://inbusiness.kz/

 Алматыда 2021 жылдың 7 айында 55 мың адам әлеуметтік төлемнің 17 түрімен қамтылды. Қолдаудың бір түрі – атаулы әлеуметтік көмек. Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мегаполисте АӘК-ті кім қабылдайтынын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Назира Тоғызбаева атап өткендей, атаулы әлеуметтік көмек отбасының әр мүшесіне шаққандағы табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан (27 112 теңге) аспайтын отбасыларға төленеді.



«АӘК-тің негізгі алушылары – балалы отбасылар, жалақысы төмен жұмыс істейтін азаматтар, зейнеткерлерге, мүгедектерге және басқа да мұқтаж жандарға қарайтын отбасылар. АӘК міндеті – жұмысқа орналасу және қиын өмірлік жағдайдан шығу. Сондықтан олар жұмыспен қамту орталығына жіберіледі, бұл олардың материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді», - деді әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы. 



2021 жылдың 7 айында АӘК Алматы қаласының 22,7 мың аз қамтылған азаматтарына 1,1 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді. 



«2020 жылдан бастап 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар АӘК алушыларға гигиеналық құралдар, тұрмыстық химия мен балалар тағамдары кіретін кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі. Жоба Magnum сауда желілері арқылы жүзеге асады. Келісімшарт сомасы 8 656 баланы қамтамасыз ету үшін 607 млн теңгені құрайды. Бүгінде 5,5 мың бала қамтамасыз етілді», - деп қосты Назира Тоғызбаева. 



Сонымен қатар, АӘК алушыларына теледидар мен газ жабдығы беріледі. Тағы 27 мың адамға 1,8 млрд теңгеге әлеуметтік төлемнің басқа түрлері ұсынылады. 
 
Сонымен қатар, әлеуметтік әл-ауқат басқармасы аз қамтылған отбасыларға, көп балалы отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлерге, мүгедек балалары бар отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету үшін демеушілермен, меценаттармен және жұртшылықпен белсенді жұмыс жасайды. 
 
Жыл басынан бері 127 867 отбасы қайырымдылық көмекпен қамтылды, оларға киім, аяқ киім, тұрмыстық техника, ыстық тамақ, мүгедек арбалары, спорт клубтарына жазылу және тағы басқалар берілді. 
 
Назира Тоғызбаева мұқтаж жандарға көмек көрсеткені үшін алматылық кәсіпорындар мен ұйымдарға алғысын білдірді. Олардың ішінде: «Алматы SOS» қоғамдық қоры, «Еріктілер лигасы», «ProPlastik» ЖШС, «Лига добра» ЖҰ, «Истоки Добра» ҚҚ, «Халық» ҚҚ, «Turkuaz» ЖШС, «Tema Retail» ЖШС және т.б. бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #АӘК #Тоғызбаева
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);