AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Киелі табиғат» экоакциясы өтіп жатыр

Алматыда «Киелі табиғат» экоакциясы өтіп жатыр

Әлеумет 16.09.2023, 06:38 1,225 Гүлжанат Сембаева
Алматыда «Киелі табиғат» экоакциясы өтіп жатыр
Суреттерді түсірген: Самат Құсайынов

Жастар саясаты басқармасының, сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен, ведомстволық ұйымдармен және республикалық жастар қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, аймақтарды тазарту бойынша «Киелі табиғат» республикалық экологиялық сенбілігі өтіп жатыр. 


Аталған шара қала күніне орайластырылды.


Республикалық сенбілікте бір мезгілде еліміздің барлық өңірінде облыстық жастар ұйымдарының өкілдері, студенттер мен экологиялық еріктілер аумақты қоқыстан тазартып қана қоймай, ағаш көшеттерін отырғызды.


Экология саласындағы белсенділер мен экологтар келіп, қоқысты сұрыптап жинауды түсіндірді. Экоакцияға 14-35 жас аралығындағы 300-ге жуық ерікті жиналды.







«Бүгін министрліктің бастамасымен Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен акция өтуде. Кеше дәл осы жерді тазалау жөнінде тұрғындардан өтініш келіп түсті. Бұл - Медеу ауданындағы ең көп қоқыс жиналған аймақ. 
Басты мақсат - жастар мен қала тұрғындарына табиғатты аялап ұстау идеологиясын жеткізу. Мұндай науқандар қаламызда жиі өтіп тұрады. Арнайы осы бағытта жұмыс істейтін экобелсенділер мен еріктілер  бар», - деді Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қор директорының міндетін атқарушы Бағдат Анарбаева. 


«Қаланы қоқыстан тазалау, оның ішінде қоқысты  сұрыптау  - өте өзекті экологиялық мәселелердің бірі. Табиғаттың тазалығын сақтау үшін алдымен қоқыстан арылу шарт. Тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап барып, қоқыс жәшігіне тастаған жөн. Жастардың көбі қарапайым қағидаларды білмей жатады. Сондықтан осындай экошаралар жиі болып тұру керек деп санаймын. Ассамблея жастары әрдайым қолдауға , қатысуға әзір», - дейді Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Кайрыев.


«Акция өтетінін “Қамқор” қорынан естідім. Экологиялық шараларға жиі қатысып тұрамын. Тазалық сақталған жерде ғана табиғатқа зиян келмейді», - дейді 169 мектептің 10-сынып оқушысы Жансая Құсайынова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Киелі табиғат #экоакция #сенбілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жанар әлемі: «Шалқар» толқынындағы шабыт

Бүгін 18:25

Алматыда ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларға гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау аяқталуына 7 күн қалды

Бүгін 18:08

Алматының балалар нейрохирургиясындағы тәжірибесі халықаралық сарапшылардың назарын аударды

Бүгін 17:23

Алматы колледждерінің студенттері әскери-патриоттық эстафетаға қатысты

Бүгін 17:09

Алматы Гонконгтың іскерлік ортамен серіктестікті күшейтіп отыр

Бүгін 17:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);