AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда киберспорт саласындағы республикалық ACG...

Алматыда киберспорт саласындағы республикалық ACG Media & Cup 2025 турнирі өтеді

Не? Қайда? Қашан? 22.05.2025, 17:04 923 Bakyt
Алматыда киберспорт саласындағы республикалық ACG Media & Cup 2025 турнирі өтеді
Сурет ЖИ

Алматы әкімдігінің қолдауымен Dota 2, CS2 және FC 25 бойынша республикалық турнир ұйымдастырылады

24 мамыр күні Алматыдағы «FORUM» сауда ойын-сауық орталығында (Сейфуллин даңғылы, 617) гейминг, киберспорт және цифрлық мәдениет жанкүйерлеріне арналған іс-шара – Almaty Cyber Games Media & Cup 2025 өтеді.

Жоба үшінші рет өткізіліп отыр және Қазақстанның Орталық Азиядағы цифрлық спорт орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді.

Іс-шара аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген мықты ойыншылар мен жанкүйерлер бас қосатын республикалық турнир өтеді. Биыл Counter-Strike 2 ойыны бойынша медиялық турнирге баса назар аударылып отыр. Онда танымал блогерлер, актерлер, стримерлер мен музыканттар бақ сынайды.

Қатысушылар жүлде қоры үшін ғана емес, сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі ACG International турниріне жолдама алу үшін де жарысады. Турнир Dota 2, Counter-Strike 2 және FC 25 сынды үш негізгі ойын бойынша өтеді.

ACG жобасының басты мақсатының бірі елдегі цифрлық инфрақұрылымды дамыту. Киберспорт – цифрлық трансформацияның маңызды көрсеткіші ғана емес, сонымен бірге IT мен жаңа технологияларға инвестиция салуға тартымды сала.

Алматылықтар мен қала қонақтары 24 мамыр күні сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін цифрлық болашақтың атмосферасына еніп, заманауи технологияның мүмкіндіктерімен таныса алады.

Іс-шараны iPlay Esports және Ұлттық студенттік киберспорт қауымдастығы (NESA) Алматы қаласы әкімдігінің Цифрландыру басқармасының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #киберспорт #турнир
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);