конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығы аталып өтті

Алматыда Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығы аталып өтті

Мәдениет 01.11.2024, 15:35 1,228
Алматыда Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығы аталып өтті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармония сахнасында халық ақыны, әнші-композитор, «Алатаудың бұлбұлы» Жетісу ән мектебінің көрнекті өкілі Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына орай Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің концерті өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Концерттік бағдарламада Кенен Әзірбаевтың «Қордай», «Анама», «Бозторғай» әндері, сондай-ақ, ақынның оркестрге өңделген және Н.Тілендиев пен Қазақстан композиторларының шығармалары орындалды. Іс-шарада Қазақстанның халық әртісі, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаев қазақ дүлділінің өнегелі өмірі мен шығармашалығы жайында сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Қазақстанның Халық әртісі Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жанпейісов, Мәдениет саласының үздігі Шолпан Даржанова, Бейбіт Мұсаев және филармония солистері өнер көрсетті.

Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жалғасбек Бегендіков дирижерлік етті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева.

Концертке Кенен Әзірбаев мұрасын халық арасында насихаттап жүрген Төрткен Кененқызы бастаған ұрпақтары қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кенен Әзірбаев #Концерт #Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Бұл – жаңа дәуірдің бастауы». Актер Бақыт Тушаев қазақстандықтарды Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға шақырды

Бүгін 18:23

Алматы жастары қала тұрғындарын Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға шақырды

Бүгін 18:20

ӘЧ-2026-дан кейін «Алтын допқа» басты үміткерлер белгілі болды

Бүгін 15:33

Алматыда көптонналы жүк көлігі бетон қоршауға соғылды

Бүгін 14:46

Алматының Наурызбай және Алатау аудандарының бір бөлігінде газ уақытша өшіріледі

Бүгін 11:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);