Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда келер жылдан бастап 95 мыңға жуық адам қо...

Алматыда келер жылдан бастап 95 мыңға жуық адам қосымша сақтандырылмақ

Әлеумет 24.07.2025, 13:39 622
Алматыда келер жылдан бастап 95 мыңға жуық адам қосымша сақтандырылмақ
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінде оңтүстік астанада тұратын 2,3 млн халықтың 80% немесе 1,8 млн сақтандырылған. Өкінішке орай, тағы 475 мың адам МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Медициналық сақтандыру қоры Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары Нұрдос Қадырбеков мәлімдеді.

МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2026 жылдан бастап жергілікті атқару органдары халықтың әлеуметтік жағдайы төмен бөлігі үшін сақтандыру жарнасын төлей бастамақ. Жаңа нормалар арқасында Алматыда 95 мыңға жуық адам МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке жүгінуге мүмкіндік алмақ.

«Аталған санат ішінен медициналық көмекті жиі қолданатын азаматтар іріктеліп, жергілікті бюджет есебінен сақтандырылатын болды. 2026 жылы 26 мыңнан астам адамның әрқайсысы үшін ай сайын 9189 теңгеден, жалпы 2,9 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалмақ. Сондай-ақ, бұдан былай жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендер үшін де МӘМС жарнасын жергілікті атқару органдары төлейді», - деп атап өтті Нұрдос Қадырбеков.

Сонымен қатар, сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылдан бастап жарна төленетін жалақы шегі өзгермек. Айтап айтсақ:
•    Жұмыс берушілер үшін – 40 ең төменгі жалақы;
•    Жұмыскерлер үшін – 20 ең төменгі жалақы. 

«Тағы бір айта кетерлігі, бүгінгі күні Алматы қаласында 1,2 млн астам, еліміз бойынша 11,2 млн жуық адам мемлекет есебінен сақтандырылып отыр. Биыл мемлекет олар үшін ай сайын орташа айлық жалақының 2% аударады. Ал, 2027 жылдан бастап жарна мөлшері біртіндеп өсіп, 2037 жылы 4,7% дейін жетуі тиіс», - деді Нұрдос Қадырбеков.

МӘМС арқылы көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында заңға тағы бір жаңа норма енгізілді. Енді кемінде 5 жыл қатарынан жүйеге жарна аударып келген азаматтар уақытша төлем қабілетінен айырылған жағдайда, сақтандыру статусы 6 айға дейін сақталмақ. Бұған дейін сақтандыру статусы соңғы төлем жасалған сәттен бастап 3 ай ғана сақталатын. Бұл өзгерістің әсіресе, жұмыс күші жиі ауысатын Алматы қаласы үшін маңызы зор.

«Соңғы жылдар ішінде біз бірінші рет сақтандыру реформасын техникалық емес, әлеуметтік тұрғыдан қарастырып отырмыз. Енгізілген өзгерістер арқасында медицина шынымен қолжетімді бола бастамақ. Халықты сақтандыру жүйесімен қамту деңгейі жақсарып, медициналық көмекті пайдалану мүмкіндігі артады», - деп атап өтті сарапшы Вячеслав Локшин.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Нұрдос Қадырбеков #сақтандыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика